Қыр 12, 2023 14:06 Asia/Almaty
  •  Қазақстанда ТМД жаттығулары басталды

Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) жаттығулары басталды.

«Fars news» агенттігінің кешегі хабарлауы бойынша, «Жауынгерлік достастық-2023» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстанның Қарағанды ​​облысында басталды. Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінен басқа қырғыз қарулы күштерінің әскери топтары да қатысты. Қырғызстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері «Печора 2БМ» жылжымалы зениттік-зымырандық кешенінен атқылайды. Бұл жүйе қысқа және орта қашықтықтағы ұшқышы бар  және ұшқышсыз ұшақтар әуе шабуылының қаруын жоюға арналған.

Бұл оқу-жаттығуды Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан қорғаныс ведомстволары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің өкілдері бақылайды.

 

Тегтер