Қазақстанда ТМД жаттығулары басталды
Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) жаттығулары басталды.
«Fars news» агенттігінің кешегі хабарлауы бойынша, «Жауынгерлік достастық-2023» атты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстанның Қарағанды облысында басталды. Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінен басқа қырғыз қарулы күштерінің әскери топтары да қатысты. Қырғызстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері «Печора 2БМ» жылжымалы зениттік-зымырандық кешенінен атқылайды. Бұл жүйе қысқа және орта қашықтықтағы ұшқышы бар және ұшқышсыз ұшақтар әуе шабуылының қаруын жоюға арналған.
Бұл оқу-жаттығуды Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан қорғаныс ведомстволары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің өкілдері бақылайды.