Парсы тілі – Иран мен Қазақстанның мәдени ортақтығы
(last modified Thu, 21 Sep 2023 13:34:43 GMT )
Қыр 21, 2023 19:34 Asia/Almaty
  • Парсы тілі – Иран мен Қазақстанның мәдени ортақтығы

ҚазҰУ Шығыстану факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі: "Әртүрлі кезеңдерде саяси шекаралар өзгергеніне қарамастан, қазақтар мен ирандықтардың ата-бабалары тарихи көрші болғандықтан екі елдің мәдениеті мен мифологиясында ұқсастықтар өте көп",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ғалия Қамбарбекова Иран поэзиясы мен прозасының маңыздылығы туралы: "Аллаға ғашықтық, Отанға деген сүйіспеншілік, адамзатқа махаббат әрдайым түрлі хикаялар қалыбында Иран поэзиясы мен прозасында баяндалып, түрлі халықтардың өмірінде биік орынға ие болды",-деді.

Университет ұстазы "Шахнаманың" тарихи маңыздылығына тоқталып: "Орта ғасырда бұл кітаптың "Орталық Азияның ортақ түркі" тіліне аударылуы өзбек және қазақ шайырларының Шахнама дастандарын басқа тәсілдермен қайта жырлауына себеп болды",-деді.

Ғалия Қамбарбекова: "Қазақ ақындары, философтары мен ойшылдары 19 ғасырдан бастап өз шығармаларында Сағдидің "Гүлістаны", Фердоусидің "Шахнамесі", Хафиз бен Моулавидің өлеңдер жинағын еске алып, олардың өлеңдерін аударған",-деді.

Ғалия Қамбарбекова Омар Хайямды Қазақстандағы ең танымал парсы ақыны деп айтып, танымалдықтың себебін Хайям төрттағандарының қысқа да нұсқа, тура да шынайы болуы деп атады. 

Тегтер