Қазақстан Палестина билігі мен сионистік режимді келіссөзге шақырды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюін айыптап, Палестина билігі мен сионистік режимді қақтығысты тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіруге шақырды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров өз елінің Палестина мен сионистік режим арасындағы қақтығыстардың күшеюіне, соның салдарынан көптеген бейбіт тұрғындардың құрбан болуына байланысты терең алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.
Ол: "Қазақстан тараптардың жағдайды бейбіт жолмен шешудің саяси жолдарын іздестіруді және екі ел арасындағы ғана емес, бүкіл Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі шиеленісуіне әкелетін әрекеттерге бармауын қалайды. Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде орналасқан біздің азаматтармен тұрақты байланыста. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының отанына оралуына қосымша көмек көрсету үшін тізімі дайындалуда",- деді.