Қазақ суретшісі Анар Бексұлтан Теһранда мүмкіндігі шектеулі өнерпаздарға арналған 3-ші халықаралық фестивальге қатысып жатыр
(last modified Thu, 02 Nov 2023 18:20:39 GMT )
Қар 03, 2023 00:20 Asia/Almaty
  • Қазақ суретшісі Анар Бексұлтан Теһранда мүмкіндігі шектеулі өнерпаздарға арналған 3-ші халықаралық фестивальге қатысып жатыр

Бүгін Теһранда мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың HOMAM атты 3-ші халықаралық фестивалі басталды.

Қазақстаннан келген мүмкіндігі шектеулі суретші Анар Бексұлтан "Талбесік", "Шырақтар" және "Күннің батысы" атты туындыларымен аталмыш фестивальге қатысып жатыр.

Анар Бексұлтанның "Талбесік", "Шырақтар" және "Күннің батысы" атты туындылары

Аяғымен сурет салатын, тігін және кесте тігетін Анар Бексұлтан – Қазақстанның Тараз қаласының тұрғыны, осы қаланың құрметті азаматы, Жамбыл облысы маслихатының депутаты, "Шебер шаңырақ" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің директоры, "Әдемі қыз жасауы" атты шеберханасы бар кәсіпкер.