Жел 13, 2023 20:28 Asia/Almaty
  • Қазақстан Катар мен Сингапурдың инвестициясын қолдады

Қазақстан парламенті Катар мен Сингапурдың осы елге инвестициясын өзара қолдау туралы келісімді мақұлдады.

 

Бүгінде Қазақстанда Сингапурдың 140-тан астам компаниялары, мекемелері мен агенттіктері тіркелген. Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы бір миллиард төрт жүз миллион доллардан асып, екі тарап арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жетті.

«Fars news» агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан парламентінің қаулысына сәйкес, елдер өздерінің ұлттық заңдары бойынша басқа елдердің инвесторларына қолдау көрсете отырып, инвестиция көлемін арттыру үшін қолайлы жағдай жасауға міндеттенеді. Әрбір мүше өзінің ұлттық заңдарына сәйкес шектелуі немесе алынып тасталуы тиіс сезімтал экономикалық секторларды немесе байланысты кәсіпкерлік қызметті анықтау құқығын өзіне қалдырады. Бұл келісімде тараптардың инвестицияларды ұлттандырмайтыны немесе экспроприацияламайтыны көрсетілген.

 

Тегтер