ҚР Энергетика министрлігі: Жаңа қорларды есептемегенде, бізде мұнай тағы 50 жылға жетеді
(last modified Fri, 29 Dec 2023 10:28:30 GMT )
Жел 29, 2023 16:28 Asia/Almaty
  • ҚР Энергетика министрлігі: Жаңа қорларды есептемегенде, бізде мұнай тағы 50 жылға жетеді

ҚР Энергетика министрінің орынбасары: «Қазіргі мұнай қоры 40-45 жылға жетеді»,- деді.

  

 

Fars ақпарат агенттігінің тілшісінің хабарлауынша, Асхат Хасенов кеше Сенатпен кездесу алаңында: «Қорлар екі санатқа бөлінеді: геологиялық және өндірілетін. Мұнайдың геологиялық қорының мемлекеттік балансы – 15,5 миллиард тонна, алынатын мұнай қоры – 4,4 миллиард тонна. Кен орындарының игерілуі немесе барлаудан игеруге өтуіне қарай бұл қорлар мен олардың балансы өзгереді. Бұл қорлардың саны қазіргі тұтыну үрдісін ескере отырып, Қазақстан үшін жеткілікті болады»,- деп мәлімдеді. Ол: «Егер біз жылына 100 миллион жылдамдықпен 4,4 миллиард тонна өндірсек, ол бізге 40-45 жылға жетеді. Бірақ бұл 45 жылдан кейін бітеді деген сөз емес. Жыл сайын жаңа қорлар барлаудан игеруге ауысады және қайтадан ауыстырылады»,- деп сөзін жалғастырды.

2023 және 2024 жылдардағы мұнай өндіру болжамына қатысты Хасенов былай деді: «Біздің биылғы алғашқы жоспарымыз 90,5 миллион тонна болды, бірақ жоспардан тыс тоқтаулар болды, бүгінде біз 90 миллион тонна өндіреміз деп отырмыз. Келесі жылы да осындай жоспар бар, оны 90 миллион тонна деңгейінде ұстаймыз. Дәстүрлі түрде осы 90 миллионның 73-75 миллионы экспортталады».