Қазақстан Премьер-министрі: Елде 48 ұлттық жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен жүзеге асырылды
Қаң 18, 2024 23:02 Asia/Almaty
Қазақстан Премьер-министрі: "Дүниежүзілік банкпен 30 жылдық әріптестік барысында елде жалпы құны 8 млрд доллар тұратын 48 ортақ жоба сәтті орындалды. Қазір 6 жоба орындалу үстінде",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орта Азия аймағындағы директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Тараптар экономиканы дамыту, цифровизация, қоршаған ортаны қорғау салаларында ортақ жобаларды орындау туралы пікір алмасты.