Қазақстан Премьер-министрі: Елде 48 ұлттық жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен жүзеге асырылды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i75244-Қазақстан_Премьер_министрі_Елде_48_ұлттық_жоба_Дүниежүзілік_банктің_көмегімен_жүзеге_асырылды
Қазақстан Премьер-министрі: "Дүниежүзілік банкпен 30 жылдық әріптестік барысында елде жалпы құны 8 млрд доллар тұратын 48 ортақ жоба сәтті орындалды. Қазір 6 жоба орындалу үстінде",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 18, 2024 23:02 Asia/Almaty
  • Қазақстан Премьер-министрі: Елде 48 ұлттық жоба Дүниежүзілік банктің көмегімен жүзеге асырылды

Қазақстан Премьер-министрі: "Дүниежүзілік банкпен 30 жылдық әріптестік барысында елде жалпы құны 8 млрд доллар тұратын 48 ортақ жоба сәтті орындалды. Қазір 6 жоба орындалу үстінде",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орта Азия аймағындағы директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті. Тараптар экономиканы дамыту, цифровизация, қоршаған ортаны қорғау салаларында ортақ жобаларды орындау туралы пікір алмасты.