Қаң 07, 2024 18:36 Asia/Almaty
  • Сардар Каанидың Ханияға хаты: Шәһид әл-Аруридың бауырлары сионистер үшін қорқынышты түстей болады

Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Каани ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияға хатында Салех әл-Аруридың шәһид болғанына байланысты көңіл айтты.

Сардар Каани осы хатта: "Шәһид әл-Аруридың бауырларының бала өлтіргіш сионистік режим үшін қорқынышты түске айналғанын бүкіл әлем көреді",-деп баса айтты.  

Сардар Каани: "Салех әл-Арури шәһид болды. Оның жарқын ғұмырында бірінші интифаза, әл-Ақса интифазасы мен Бейт ул-Мұқаддас интифазасы бар",-деді.

Сардар Каани: "Дұшпан қарсыласу қозғалыстарының қолбасшыларын террорлау арқылы Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы өзінің ауыр жеңілістерін азайтқысы келеді",-деді.

Тегтер