Нау 14, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • Насролла: Палестина қарсыласу қозғалысының сақталуы Израильдің стратегиялық жеңіліске ұшырағанын білдіреді

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сәрсенбі күні кешке басқыншылармен соғыста Палестина қарсыласу күштерінің "әл-Ақса дауылы" операциясын жүргізіп, алтыншы ай табанды қарсы тұруындағы үлкен жетістіктеріне тоқталып: "Сионист сарапшылар өздерінің стратегиялық жеңіліске ұшырағанын мойындады",-деді.

Сейіт Хасан Насролла қарсыласу өзегінің Палестина топтары мен ХАМАС басшыларын жақтап отырғанын айтып: "Соғыс басталғаннан алты ай өткенде Нетаньяху Газа жерінде ешбір жетістікке жетпей, Рафахқа шабуыл жасамаса, соғыста жеңілетінін айтып жатыр",-деді.

Сейіт Хасан Насролла Нетаньяхуға: "Егер тіпті Рафахқа әскер кіргізсең де, соғыста жеңілдіңдер. Сендер ХАМАС немесе қарсыласу күштерін жоя алмайсыңдар",-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сондай-ақ Йемен қарсыласу күштерінің Газадағы Палестина қарсыласу күштерін қолдап жатқанына тоқталып: "Йемендіктер Израильдің экономикасын тоқырауға ұшыратты",-деді.

Өткен бірнеше айда сионистік режимнің Газадағы қорқынышты қылмыстарына жауап ретінде қарсыласу топтары аймақта Палестина халқына қолдау білдіріп жатыр.   

Израиль армиясы 2023 жылы 7 қазаннан бері Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз Палестина халқын қырып жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, сионистік режимнің шабуылдарында осы күнге дейін 31 мың палестиналық қаза тауып, 72 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Британ үкіметінің отаршылдық жобасы аясында түрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшірумен қаланып, 1948 жылы мемлекет деп жарияланды. Сол кезден бастап палестиналықтарды жаппай қыру және жерлерін тартып алу жобалары орындалды.  

Тегтер