Ислам неге қатыгез дін ретінде көрсетіледі?
(last modified Sun, 10 Mar 2024 12:30:31 GMT )
Нау 10, 2024 18:30 Asia/Almaty
  • Ислам неге қатыгез дін ретінде көрсетіледі?

Қатыгездік – дұшпандардың исламға қарсы таратып жатқан жөнсіз жапсырмалары мен негізсіз айыптауларының бірі. Олар ислам діні адамдардың бейбіт өмір сүруіне үйлеспейді деп уәж айтуда.

Мынадай сауал туындайды: Мейірім мен махаббатқа толы дін не себепті қатыгездік пен семсер діні ретінде таныстырылды?

Ал негізі бұл діннің қасиетті кітабы, яғни Құранда әрбір сүре рақымды Алланың атымен басталады. Осы сараптамада 4 себепке қысқаша тоқталамыз.

  1. Саяси-отаршылдық ниеттер
Отаршылдық ниеттер – қарсыласу идеологиясымен жауласудың маңызды факторы.

Өкінішке қарай, осы орайда айтылып, қоғамдық пікірге енгізілген жөнсіз сөздер мен айыптаулардың басым көпшілігінің бастауы – саяси жауластық.

Ислам діні басқа діндерге керісінше Алланың бірлігі, халық, тақуалық пен әділетке негізделген саяси басқару үшін айқын үлгі ұсынып, соны орындауға тырысатындықтан, мафиялық саяси ағымдар түрлі қастандықтар мен күмәнді жоспарлар құру, соның ішінде "Ислам – қатыгез дін" деген ойды тарату арқылы халықтарды исламнан үркітіп, іс жүзінде өз жоспарына кедергі келтіретін діни ағымның қалыптасуына тосқауыл қойып отыр.

2. Шығыстанушылардың қате түсінігі

Шығыстанушылардың бірі еврей Игнац Гольдцьер исламға қатысты ойлардың қалыптасуына ықпал етті.

Кейбір шығыстанушылар діни мәтіндерді дұрыс түсінбей, дін мен әділет емес, семсердің күшімен халыққа билік жүргізген мұсылман билеушілердің іс-әрекеттерін діни көзқараспен бірдей деп санаған. Ал негізі жеке тұлғалардың әрекеті діннің негіздеріне телінбеуі тиіс.

Шығыстанушылар исламның негізгі тағылымдарын зерттеудің орнына өз ойларын ислам тарихының түрлі кезеңдеріндегі кейбір патшалар мен халифтердің мінез-құлқы мен әрекеттері негізінде қалыптастырып, таратқан. Ал билеушілердің көбі халықты алдау немесе зорлық көрсету арқылы билікке келген.

3. Жалған, қолдан жасалған және бұрмаланған исламдық ағымдардың таралуы   

Қаруланған ДАИШ лаңкестерінің шеруі  

Мысалы, ДАИШ немесе әл-Каида лаңкестік топтары исламға жат қатыгездік, рақымсыздық, зұлымдық символы болды. Олар сырттай исламдық сипатқа ие болса да, Батыстың қауіпсіздік қызметтерінің қолдауына ие болып, біраз уақыт Ирак, Сирия мен Ауғанстандағы биліктің бір бөлігін басып алды. АҚШ-тың кейбір басшыларының мойындағанынан бөлек, аталмыш лаңкестік топтардың Батыс елдеріне тиесілі екенінің бір дәлелі осы елдердің түрлі соғыстарда әралуан мемлекеттерге сатқан қару-жарақ көлемі болып отыр.

Әрине әлем мұсылмандары осы мұсылман-сымақ лаңкестерге жиіркеніштерін білдіріп, олардың амал-әрекеті исламдық емес, отаршылдық болмысқа негізделгенін айтты. Олардың мұсылмандарға қарсы әрекетінің ең айқын куәсі – Құран Кәрім. Онда бір бейкүнә адамды өлтіру бүкіл әлем халқын өлтірумен бірдей деп айтылған. Алла тағала "Мәида" сүресінің 32-аятында былай деген:

Соның салдарынан Израил ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең деп жаздық (32).

4. Джиһад сөзінің мағынасы бұрмаланып, "терроризм" мағынасында қолданыла бастады.

Терроризмнің дінге қатысы жоқ.

Жалпы барлық тіршілік иелері тірі қалу үшін өздерін жоятын факторлармен күреседі. Тиісті кемелдікке жету үшін өз жолынан кедергілерді алып тастауға тырысады.  

Сондықтан мұсылмандар да өздерінің заңды құқықтарын қорғау үшін дұшпандарға қарсы тұрып, қарсыласу жолына түсуі тиіс. Мұндай қорғаныстың адам табиғатына үйлесетіні бәріне мәлім. Егер отаршылдар мұсылмандарға шабуыл жасаса, мұсылмандар оларға жауап бермеуі тиіс пе? Джиһад – басқаларға басқыншылық жасау емес, осы отаршылдарға жауап. Пайғамбар жүргізген соғыстарға шолу жасағанда соғыстардың қорғаныс мақсатында жүргізілгенін, бейбітшілік пен рақымшылық негіздеріне үйлесетінін көреміз.

Құранда зұлымдықтан алшақ болып, жақсылыққа жақын болу керегі сан рет айтылған

Бұрмаланбаған Құран аяттары мен адал діни жетекшілердің сөздерін оқи отырып, ақиқатты жақсырақ тануға болады. Басқа жағынан адал діни жетекшілердің әлеуметтік қатынастарын Батыс әлемінде өркениетке иеміз деп уәж айтатындардың амал-әрекеттерімен салыстырғанда қара бұлттың артынан ақиқаттың күнін көруге болады.