Құран тәпсіршісі Ансари: Адамзат баласы бұ дүниеге сынақ үшін келгенін түсінуі тиіс
Құран тәпсіршісінің айтуынша, адамның бұл дүниеде мәңгі болмауында илаһи хикмет бар.
Құран тәпсіршісі Мұхамметәли Ансаридің айтуынша, Алла тағала Құранның 21-сүресі, яғни "Анбия" сүресінің 35-аятында былай деген:
کُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ وَنَبْلُوکُمْ بِالشَّرِّ وَالْخَیْرِ فِتْنَةً وَإِلَیْنَا تُرْجَعونَ
Әр адам өлімнің дәмін татады! Сендерді жамандық және жақсылықтармен сынаймыз. Ақырында бізге қайтарыласыңдар!
Бұл аяттан мынадай мән шығаруға болады: Кез келген тірі жанға бір өлім бар. Әрбір адам өлімнің дәмін татады.
Онда мынадай сауал туындайды: Тұрлаусыз өмірдің мақсаты не? Не пайдасы бар? Құранда былай делінген: "Сендерді жамандық және жақсылықтармен сынаймыз. Ақырында бізге қайтарыласыңдар!"
Шын мәнінде Құранның жауабы мынадай: Сендердің негізгі орындарың бұ дүние емес. Басқа жерге тиесілісіңдер. Мұнда тек емтихан беру үшін жіберілдіңдер. Сынақ аяқталып, тиісті кемелдікке жеткеннен кейін негізгі тұрақтарың – ақырет үйіне аттанасыңдар.