Имам Хұсейннің сөзі, имам Хұсейннің ерлігі (3)
(last modified Mon, 08 Jul 2024 15:51:15 GMT )
Шіл 08, 2024 21:51 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің сөзі, имам  Хұсейннің ерлігі (3)

Бұл бағдарламада имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің философиясымен танысамыз.

Хұсейннің (ғ.с.) ерлігі

Имам Хұсейн (ғ.с.) Мәдинадан Меккеге жолға шыққан кезде, бүкіл әлем Хұсейннің атаққұмар емес, зұлым, бұзық емес екенін білуі үшін өсиетнама жазды. Имам Хұсейн (ғ.с.) бұл өсиетте таухид, пайғамбарлық және қайта тірілу туралы пікірін білдіргеннен кейін бұл сапардағы мақсатын былайша баяндаған: «Мен Мәдинадан өзімшілдік, серуен, жемқорлық пен озбырлық үшін шықпадым.  Бұл сапардағы мақсатым – жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирендіру. Менің бұл қозғалыстағы тілегім – үмбеттің бүлінуін түзеп, бабам Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дәстүрі мен заңын және әкем Әли ибн Әбиталибтің (ғ.с.) жолы мен әдет-ғұрпын қайта жаңғырту. Ендеше, кім менен бұл ақиқатты қабылдаса (және маған ілессе) Алланың жолын қабылдады, ал кім оны теріске шығарса (маған ілеспесе) - қабылдамады. Алла Тағала менімен осы адамдардың арасында Өзінің ең жақсы әмірші екендігіне үкім беруі үшін мен жолымды сабырмен және табандылықпен жалғастырамын.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) өсиетнамасы

Имам (ғ.с.) да өсиетінде өзінің көтеріліске шығуының негізгі себебін, яғни язидтер үкіметінің кең көлемдегі жемқорлықпен және адамдық және исламға қарсы тәртіпсіздіктерімен күресу екеніне тоқталып: «Егер олар маған ант беруімді сұрамаса да, мен тыныш отырмаймын. Өйткені менің халифатпен келіспеушілігім тек Язидке ант беруде ғана емес. Олардың ант беру мәселесінде үнсіз қалуымен менің де үндемеуім керек пе, керісінше Язид пен оның отбасының болуы зұлымдық пен фитнаның таралуына және Ислам ережелерінің өзгеруіне себеп болды. Ендігі менің парызым осы бұзылуларды түзеп, жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирендіру, атам Алла Елшісінің (с.ғ.с.) шариатын, әкем Әлидің (ғ.с.) жолы мен әдет-ғұрпын жаңғырту. Мен бұл орынсыз нәрселердің тамырын, яғни Омеядтар әулетін құртамын»,- деді.

Жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирендіру - имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің философиясы

 

 

 

Тегтер