Қыр 05, 2024 18:13 Asia/Almaty
  • Құрандағы әлеуметтік әділеттілікке және әділеттілікке бағытталған  үкіметтер құру қажеттілігіне қысқаша шолу

Әділдік мұратын жүзеге асыру тарихтағы барлық адамзат реформаторлары мен азат адамдардың (соның ішінде пайғамбарлардың) ең маңызды тілектерінің бірі болды. Иран Ислам революциясы да әлеуметтік әділеттілік ұранымен, Құран әділдігіне негізделген қоғам құру мақсатында жүзеге асырылды.

 

Әділдік – адамзат әуелден ішкі тілегі ретінде біліп, оны заңдар мен үкімдердің негізіне айналдырған адами мұрат. Кемсіту, жәбірленушінің құқығын таптау, әділетсіздік жүректерде ыза тудырады. Сондай-ақ көптеген қоғамдық қозғалыстар мен төңкерістердің себебі қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік болды.

Pars Тoday-дің мақаласында бұл маңызды мәселеге Құранға негіздерінше шолу жасалды:

Әділеттілік туралы түсінік

Ислам пайғамбарының ізбасары хазірет Әли (ғ.с.) әділдікті әділдерге құқық беру деп санаған. Сондай-ақ ол әділдікті шындық, ұстамдылық және шектен аулақ болу деп түсінді. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы өзінің 31 бабында агрессия мен кемсітушілікті жоюдан және қатыгездіктен азат жүйе құрудан басқа ешбір мақсатты мәлімдемеді. Оның барлық баптарында әр салада адамның бостандығы мен құқықтарына баса мән берілген. Дегенмен, оған ең үлкен қол қоюшылар – оны ең үлкен бұзушылар.

Ибн Сина, Ибн Рушд, Алламе Табатабаи және шәһид Мұртаза Мотахари сияқты ғұламалар, олардың көшбасшысы имам Хомейни е әділеттілікке негізделген үкімет құру идеясын білдірді. Имам Хомейнидің сөздерін аса көрнекті ететін нәрсе оның тек пікір алаңымен шектеліп қалмай, бұл идеяны кеңінен мақұлдауға және әділетке құштар қалың бұқараның көмегімен Құран әділдігін орнату үшін Ислам үкіметін құруға тырысуы.

Құрандағы әлеуметтік әділеттіліктің маңыздылығы

Әлеуметтік әділеттіліктің Құран тұрғысынан құндылығы сондай, Алла тағала оны қатаң түрде бұйырып, оны парыз етеді. Құран Ислам қоғамына қарсыластардың зұлымдықтары мен дұшпандықтарының мұсылмандарды әділет жолынан тайдырмауы керектігін және тіпті дұшпанға да әділдікпен қарау керектігін ескертеді.

Демек, пайғамбарлардың қасиетті Құрандағы негізгі және басты мақсаттарының бірі – әділетті орнату. Бұл Құран қағидасы (адамзат қоғамында толық әділеттілікті жүзеге асыру) Ислам пайғамбарының тәжірибесінде де айқын көрінді. Ислам пайғамбарының ұрпақтарының бірі Имам Бақер былай дейді: "Пайғамбар надандық әдет-ғұрыптарын жойып, адамдармен әділетті қарым-қатынаста болды".

Әділдіктің қоғамдағы маңыздылығын ескерген Құран оны әртүрлі салаларға таратқан. Айғақта, сөз сөйлеуде, үкім шығаруда және өмірдің барлық кезеңдерінде шындықты жақтағанда әділдікті сақтау қажеттілігі осы маңыздылықты көрсетеді. Құран Кәрімде бүліну тудыратын және әділет рухын бұзатын кез келген нәрсені азғындық деп атап, оған және тіпті адамдардың рухына іс жүзінде әсер ететін жалған хабар тыйым салған. Барлық адамдар билікке, байлыққа және лауазымға бірдей ие болған теңдестірілген қоғамда қоғам мүшелері арасында жанашырлық пен бауырмалдық табиғи түрде орнайды. Имам Әли былай дейді: «Әділет жағымды және жақындық себебі». Әлеуметтік әділеттіліктің қарама-қарсылығы – жауыздық пен әділетсіздік, илаһи қаһарын тудырып, дұшпандық тудырып, өркениеттерді жою арқылы қоғамды күйретеді.

Үкіметтің әділеттілік  негізінде қалыптасуы

Қоғамдық әділеттілікті жүзеге асырудың ең қажетті шарты Пайғамбардың рауаятындағы мақсаттардың бірі ретінде үкіметті құру болып табылады. Сондықтан пайғамбарлар мен олардың ізбасарларының үкімет құру жолындағы үздіксіз талпыныстары әлеуметтік әділеттілікті орнатуды көздеді. Олар билікті, мақтаныш және жеке дүниелік жайлылықты іздемеді. Құранда:  «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» деп айтылды. ("Хадид" 25-ші аят).

Ақыретті қамтамасыз ету тек солардың қолында болса, олардың миссиясы жолында қарсыластардың мазасын алудың еш мәні болмас еді. Ислам заңдарын белгілеу және оларды жүзеге асыру (әсіресе қаржылық заңдар) үкімет құруды талап етеді. Осы негізде Хазірет Сүлеймен бин Дауд пен Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) үкімет құруға және халықтың құқықтарын орындауға тырысты.

Әлеуметтік әділеттіліктің адамның дамуындағы рөлі

Адамның жаратылу және жерге келу мақсаты – кемелдікке жету. Адамзат қоғамын осы мақсатқа жетелейтін нәрсе – әлеуметтік әділеттілік. Қоғамның әрбір мүшесі өз құқығының қорғалып, адамдығы мен қадір-қасиетінің құрметтелетінін көргенде оның басқа мүшелерімен қарым-қатынасы жақсарып, қоғамда өзара пайдалы рөл атқаруға тырысады.

Зұлымдық – қоғамның дерті, өркениеттер мен ұлттарды жоюшы. Қасиетті Құран аяттарынан әділдікті сақтаудың адамгершілік пен жеке және қоғамдық мінез-құлықты түзетуге және кемелдікке жетелеуге қатыстылығы соншалық, тіпті кішігірім істерде де ұсынылады. Құран Кәрімде былай деп айтылды:  «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды» ("Нахл", 90). Басқа аяттар:  "Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға  бұйырылдым" ("Шура", 15),  "Оларға айт: Раббым әділеттілікті бұйырды" ("Ағраф", 29)  және "Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің,  әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. Нәпсіге еріп, әділдіктен ауытқымаңдар. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не  істегендеріңді толық білуші". (Ниса,135).

Тегтер