«Пайғамбарлар – айқын дәлел, ал ақыл – Алланың ішкі дәлелі»; Имам Каземнің (ғ.с.) өміріне және кейбір сөздеріне шолу
ParsToday – Ислам пайғамбарының ұрпағы Имам Казем (ғ.с.) – ислам тарихындағы, әсіресе хижраның екінші ғасырындағы басты тұлғалардың бірі. Ол көптеген саяси-әлеуметтік ағартуларға жол ашты.
Казем, Абд Салих және Баб әл-Хавайдж деген лақап аттарымен танымал болан Абул-Хасан Мұса ибн Джафар (ғ.с.) (128-183 һ.ж.) Ислам пайғамбарының әулетінен шыққан жетінші имам.
Имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін ол Пайғамбар әулетінің ізбасарларының басшылығын қолына алып, 35 жыл жетекшілік етті. Оның имамдығы бірнеше залым Аббаси халифаларымен тұспа-тұс келді. Оны халифалар Мәдинадан Иракқа әкелді. Имам Казем (ғ.с.) өзінің ағартушылық және әділеттілік жолындағы әрекеттері үшін бірнеше жыл түрмеде болды.
Хазіреттің (ғ.с.) атақты перзенттері – қасиетті кесенесі Иранның Мешхед қаласында орналасқан имам Әли ибн Мұса әр-Реза (ғ.с.) және кесенесі Құм қаласында орналасқан хазірет Масуме (ғ.с.) болып табылады.
Ислам пайғамбарының осы ардақты немересінен таухид, пайғамбарлық, имамат және қайта тірілу туралы діни ілімдер және мыңдаған қысқа және ұзақ хадистер түрінде ахлақ-тәрбиелік ережелер мен әдет-ғұрыптар, тәжірибеші ғалым шәкірттері және түрлі саладағы құнды практикалық үлгі, пәк әрі өнегелі ұрпақ есте қалды.
Сондай-ақ Мұса ибн Джафар мен кейбір яһуди және христиан ғалымдарының арасындағы пікірталастар мен әңгімелер олардың сұрақтарына жауап ретінде тарихи және хадис көздерінде баяндалған. «Муснад әл-имам әл-Казем» кітабында одан үш мыңнан астам хадис бар.
Қоғамдық сана-сезімі және халыққа ағартушылық жүргізуі үшін бірнеше рет түрмеге жабылғаннан кейін типи Мұса ибн Джафар (ғ.с.) Аббасид халифасы Харунның бұйрығымен уландырылып, түрмеде шәһид болды.
Шиит және сүннит көздері оның білімін, құлшылығын, төзімділігі мен жомарттығын жоғары бағалаған. Сүннит ақсақалдары Ислам пайғамбарының бұл асыл ұрпағын дін ғұламасы ретінде құрметтеп, Әһли Бәйт ізбасарлары сияқты қабірін зиярат етеді. Бағдадтың солтүстігіндегі Каземаин аймағындағы имам Казем (ғ.с.) мен оның немересі имам Джавадтың (ғ.с.) кесенесі Каземаин кесенесі ретінде белгілі және мұсылмандар мен Әһли Бәйт ғашықтарының зиярат ететін орны болып табылады.
ParsToday мақаланың жалғасында имам Каземнің (ғ.с.) бірнеше сөздерін ұсынады:
1. Алланың құлдарының қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндердің орыны
Муаммар ибн Халлад былай дейді: «Мен имам Каземнің (ғ.с.) былай дегенін естідім: «Алланың жер бетінде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тырысатын құлдары бар. Қиямет күні олар аман болады». [Васаил әш-Шиә, 11-том, 582-бет.]
2. Білім төрт нәрседе
Имам Казем (ғ.с.): «Мен адамдардың білімін төрт нәрседе таптым: Бірінші: Раббыңды тану, екінші: Оның саған және сен үшін не істегенін білу, үшінші: Оның сенен не талап еткенін білу және төртінші: сені дініңнен не шығаратынын білу». [Кашф әл-Ғамма, 3-том, 45-бет.]
3. Алланың дінінде білімді болу
Имам Казем (ғ.с.): «Алланың дінінде білімді болыңдар, өйткені діни білім мен фиқһ – ғибадаттың көрегендігі мен кемелдігінің кілті». [Имам әл-Казим (ғ.с.) 3-том, 249-бет.]
4. Дүние теңіз суы сияқты
Имам Казем (ғ.с.) Хишамға айтқан өсиеттерінің арасында: «Дүниенің мысалы теңіз суы сияқты (ол тұзды). Шөлдеген адам одан сусындаған сайын шөлдейді, ол оны өлтіргенше». [Бихарул-Анвар, 75-том, 311-бет.]
5. Сабырлылықтың маңыздылығы
Имам Казем (ғ.с.): «Сабырлы адамға бір пәле, сабырсызға екі пәле!» деген. [Бихар ул-Анвар, 75-том, 326-бет.]
6. Сырында Алладан ұят
Имам Казем (ғ.с.): «Көпшілікте адамдардан ұялғаныңдай, сырыңда да Алладан ұял». [Таһаф әл-Уқұл, 394-бет].
7. Ақыл – ішкі дәлел
Имам Казем (ғ.с.) Хишам ибн Хакамға айтқан сөзінде: «Алланың адамдарға екі дәлелі бар: айқын дәлел және жасырын, ішкі дәлел. Ашық дәлел - елшілер, пайғамбарлар, имамдар. Ішкі дәлел - бұл ақыл». [Усул әл-Кафи, 1-том, 16-бет].