Еркін бол; Имам Хусейннің (ғ.с.) залымға қарсы көтерілу туралы хадистері
(last modified Fri, 04 Jul 2025 14:35:33 GMT )
Шіл 04, 2025 20:35 Asia/Almaty
  • Еркін бол; Имам Хусейннің (ғ.с.) залымға қарсы көтерілу туралы хадистері

ParsToday – Имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі бүгінде әлемде зұлымдықпен күресу, бостандық, әділдік символы ретінде белгілі.

«Аба Абдулла» және «Сейид әш-Шуһада» деген лақап аттармен танымал хазірет Хусейн (ғ.с.) Ислам пайғамбарының немересі. Ол хижраның 4-ші жылы Мәдинада дүниеге келген. Имам Хусейннің (ғ.с.) әкесі Ислам пайғамбарының мұрагері хазірет Әли (ғ.с.), анасы Ислам пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Зәһра (ғ.с.) болды.

Имам Хусейн (ғ.с.) имамдық дәрежесіне ағасы имам Хасан (ғ.с.) хижраның 50-ші жылы шәһид болғаннан кейін жетіп, он бір жылдай Әһли Бәйт (ғ.с.) жақтастарын басқарды.

Имам Хусейннің (ғ.с.) имамдығы Муавия билігінің соңғы жылдарына сәйкес келді. Хижраның 60 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін Язид ибн Муавия халифат тағын басып алып, имам Хасанмен (ғ.с.) бітім шартының шарттарына қарамастан халыққа қысым жасады.

Имам Хусейн (ғ.с.) көтеріліс жасап, хижраның 61 жылы мұхаррам айының 10-шы жұлдызында Ашура оқиғасында бірқатар туыстары мен серіктерімен бірге шәһид болды. ParsToday бұл мақаласында имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің философиясы мен хадистеріне тоқталады.

 

Көтеріліс философиясы

Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісі мен Ашура оқиғасы, сөзсіз, ашық Ислам дінінің бүгінгі әлемде өмір сүруі мен аман қалуының ең маңызды факторы және басты себебі болып табылады. Бүгінде әлемде зұлымдықпен күресудің, азаттықтың және әділеттің символы ретінде аймақ пен әлемде қарсыласу және азаттық іздеуші топтар ретінде танылған көтеріліс Кербала оқиғасы мен Ашура көтерілісін үлгі етіп алу арқылы көптеген жетістіктерге жетті.

Бүгінде дүние жүзіндегі мұсылмандар мен Әһли Бәйт ізбасарлары Ашура мәдениеті мен ілімін үлгі ету арқылы көптеген қарсыласу топтарын құрып, азаттық сүйгіш және зұлымдыққа қарсы күштер мен күрескерлерді дайындау арқылы Батыс әлемі мен жаһандық үстемшілдікке қарсы күшті майдан құра алғанына куәміз. Бұл топтардың мысалын Палестина, Йемен және Ливан жерлерінде имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің философиясын үлгі етіп алып, сионистік дұшпанға тойтарыс бере алған қарсыласу топтарының құрылуынан көруге болады.

Ашура көтерілісі кезіндегі маңызды және негізгі мәселе – озбырлық пен үстемге қарсы еркіндік сабағын алу.

Бұл, біз көріп отырғанымыздай, қазіргі әлем өте қажет нәрсе. Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісі мен Ашура оқиғасынан бері 1400 жылдан астам уақыт өтті және біз жыл сайын дүние жүзіндегі жүз миллиондаған адамның осы ұлы тарихи оқиғаның жылдығын атап өтуіне, аза тұту және имамның тарихи және жауды бұзған көтерілісін еске алу рәсімдерінің куәсі болудамыз.

 

 Имам Хусейннің (ғ.с.) хадистері:

 

1. Зұлымдыққа ұшыраудан сақтану

بُنَی ایاک وَ ظُلْمَ مَنْ لا یجِدُ عَلَیک ناصِراً الَّا اللَّه جَلَّ وَ عَزَّ؛(الکافی،ج2،ص331)

Ашура күні имам Хусейн (ғ.с.) перзенті имам Саджадқа (ғ.с.): «Балам! Ұлы әрі Құдіретті Алладан басқа көмекшісі жоқ адамға зұлымдық жасама»,- деп кеңес берді. («Әл-Кафи», 2-ші том, 331-ші бет).

 

2. Абыроймен өлу

مَوْتٌ فِى عِزّ خَیْرٌ مِنْ حَیَاةٍ فِى ذُلّ (بحار الانوار، ج 44 ص 192 ح4)

Қорлықпен өмір сүргеннен, абыроймен өлген артық. (Бихар әл-Анвар, 44-ші том, 192-ші бет, 4-ші хадис).

 

3. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуі

لَوْلَمْ یَبْقَ مِنَ الدُّنْیا إلاّیَوْمٌ واحِدٌ لَطَوَّلَ اللّه عَزَّوَجَلَّ ذلِکَ الْیَوْمَ حَتّى یَخْرُجَ رَجُلٌ مِنْ وُلْدى، فَیَمْلاَءُها عَدْلاً وَقِسْطاً کَما مُلِئَتْ جَوْراً وَظُلْماً.(کمال الدین، ص317)

Дүниеде бір-ақ күн қалса, Алла тағала ол күнді менің әулетімнен бір ердің келіп, дүниені зұлымдық пен әділетсіздікке толғандай әділет пен әділдікке толтырғанша ұзартады. (Камал ад-Дин, 317-ші бет).

 

4. Еркін болыңыз

اِنْ لَمْ یَکُنْ لَکُمْ دِیْنٌ وَکُنْتُمْ لاتَخافُونَ الْمَعادَ فَکُونُوا اَحْـراراً فِى دُنْیـاکُمْ.(مقتل خوارزمى، ج 2، ص 33)

Дініңіз болмаса, қияметтен қорықпасаңыз, ең болмаса өз дүниеңізде еркін болыңыз.  (Мақтал әл-Хорезми, 2-ші том, 33-ші бет).

 

5. Көтерілістің себебі

«... إِنّی لَمْ أَخرُجْ أَشِراً و لا بَطِراً و لا مُفْسِداً و لا ظالِماً، إِنَّما خَرجْتُ لِطَلَبِ إلاصلاحِ فی أُمَّه جَدّی، أُریدُ أنْ آَمُرَ بالمَعروفِ و أنهی عَنِ المنکَر...» (مجلسی، 1429ق، ج 44، ص 328)

Мен өзімшілдік үшін немесе ләззат үшін, жемқорлық немесе қысым үшін көтерілген жоқпын. Расында, мен атам Мұхаммадтың (с.ғ.с.) үмметін түзеу, жақсылыққа әмір етіп, жамандықтан тыю үшін көтерілдім...(Мәжіліси, 1429 хижра, 44ші том, 328-ші бет).