Алла тіршілік қиындықтарында сабырлыларға көмектеседі
ParsToday - Тіршілік қиыншылықтары адам жанын шаршатқан кезде Құран мүміндерге екі күшті құрал ұсынады: сабыр мен намаз. Иманның бұл екі қанаты Алламен терең байланыс жасау арқылы тыныштық пен рухани күш-қуат әкеліп, адамды Аллаға жақындау жолында нығайтады.
Әр адамның өмірінде қиындықтар мен уайым-қайғы қысымына ұшырайтын сәттер болады. Мұндай жағдайда адамның шаршаған жанының тірегі не болуы мүмкін? Қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 153-ші аятында мүміндерге негізгі шешім: сабыр мен құлшылық берілген.
یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا اسْتَعِینُوا بِالصَّبْرِ وَ الصَّلَاةِ إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِین؛
«Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла (Т.) сабыр етушілермен бipгe».
Бұл аят мүміндерге өмірдің сынақтары мен қиыншылықтары алдында олардың екі өмірлік құралы бар екенін еске салады: сабыр мен намаз.
Қиын сәттерде, адам өзін шектеулі сезінетін кезде, намаз мен сабыр арқылы Алланың шексіз құдіретіне қосылу оның рухани күш-қуатына негіз болады.
Намаз рухани жүректің қатысуымен адам мен рухани көтерілу арасындағы көпір қызметін атқарады. Бұл рухани көтерілу дүниелік проблемаларды кішкентай етіп көрсетіп, адамды ішкі тыныштыққа жетелейді.
Бұл аят Алланың намаз оқушылармен ғана емес, сабыр етушілермен бірге де екеніне баса назар аударады. Өйткені намаз да ақыр соңында сабыр мен табандылықты қажет етеді. Рухани төзімділік болмаса, басқа ғибадаттардың да мәні мен күші жойылады.
Сабыр да «барлық кемелдіктердің анасы» ретінде енгізілген. Соғыста, бүлікте, құлшылықта, нәпсіқұмарлықта сабыр ету – әрқайсысы тақуалыққа, пәктікке, тазалыққа, жақындыққа апаратын жол.
Бұған қоса, рауаяттарда Пайғамбар немесе имам Әли (ғ.с.) қиын іспен бетпе-бет келгенде, алдымен намаз оқитыны, бұл сабыр мен намаздың арасындағы терең байланыстың белгісі болғаны туралы айтылған.
Сабыр мен намаз иманның қос қанаты іспетті. Сабыр - қиындықтарға қарсы тұру, ал дұға - Алламен үнемі байланыста болу. Осылай өмір сүрген адам илаһи мейірімге бөленеді.