Ислам пайғамбарының қызы Фатима (ғ.с.) туралы не білесіз?
ParsTtoday – «Сахих Бұхари» кітабындағы рауаят бойынша, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет Хадиджаның қызы Фатима (ғ.с.) жұмақ әйелдерінің ханымы ретінде таныстырылады: «سیّدَةُ نِساءِ أَهْلِ الجَنَّةِ فاطِمَة»
Хазірет Фатима (беғсаттың 5-і - хижридің 11-і), Фатима Заһра деген атпен белгілі, Ислам пайғамбары мен хазірет Хадиджаның қызы және Имам Әлидің (ғ.с.) өмірлік серігі болды. Ол Құрандағы «тазарту аяты» деп аталатын «Ахзаб» сүресінің 33-аятына сәйкес, пәк, күнәсіз деп саналатын әл-Аббаның (әл Киса) бес мүшесінің бірі.
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) балалары: Имам Хасан мен Имам Хұсейн, Зейнеп пен Умм Кульсум. Заһра, Батул, Сыддиқа Шаһида, Сейедата Ниса әл-Әләмин (екі дүниедегі ең ұлы әйел) оның кейбір лақаб есімдерінен, ал Умм Абиха (әкесінің анасы) оның танымал күние аты. Хазірет Фатима (ғ.с.) әкесі Исламның ұлық пайғамбармен (с.ғ.с.) Наджран христиандарымен бірге Мубаһала күні бірге болған жалғыз әйел болды.
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) балалық және жасөспірімдік шағы туралы деректер аз. Осы кезеңнен оның Пайғамбармен бірге мүшріктердің зорлық-зомбылығына қарсы болғаны, Әбу Талибтің Шеғбында (Мекке қаласының маңындағы Әбу Құбайс пен Хандама екі тауы арасындағы жердің атауы) болғаны және Имам Әлимен (ғ.с.) бірге Мединаға қоныс аударғаны туралы ғана хабарлар келтірілген.
Хазірет Фатима (ғ.с.) хижраның екінші жылында хазірет Әлиге (ғ.с.) тұрмысқа шықты. Миғраждан кейінгі оның іс-әрекеттерінің қатарында қоғамдық іс-шараларды жүргізу және Ислам пайғамбарымен бірге кейбір соғыстарда, соның ішінде Меккені жаулап алуда бірге болу болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) имам Әлиге өсиетінеде (ғ.с.) қарсыластарына оның жаназа намазына мен жерлеу рәсіміне қатыспауын және Әлиден (ғ.с.) оны түнде жерлеуді сұрады.
Фадакия уағызы
Хазірет Фатиманың (ғ.с.) әйгілі саяси және діни әрекеттері мен сөздері, әсіресе Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, сунниттік және шиіттік мәтіндерде айтылған, және олардың ең танымалдарының бірі - Фадакия уағызы. Бұл уағызды жеткізушілердің бірі - сүннит ғалымы Ибн Тайфур (хижра бойынша 204-280 жж.).
Өлім
Ол хижраның 11-ші жылында, джамади әс-санидің 3-ші жұлдызында, Пайғамбардың қайтыс болғанынан 6 ай өткен соң, Мединеде, жарақат алып, үйінде жатып өалуына себеп болған оқиғалардың салдарынан қайтыс болды. Оның денесі түнде, өз өтініші бойынша, жасырын жерленген, ал қабірі ешқашан анықталмаған. Тарихшылардың айтуынша, хазірет Әли (ғ.с.) Әсма бинт Умайстың көмегімен өмірлік серігіне ғұсыл құйып және өзі жаназа намазын оқыған.
Имам Әлиден басқа, намазға тағы бірнеше адам қатысты, дегенмен адамдардың саны мен аты-жөндері туралы келіспеушіліктер бар. Тарихи дереккөздер бұл намазға қатысқандар ретінде Имам Хасан, Имам Хұсейн, Аббас ибн Абдул Мутталиб, Миқдад, Салман, Әбу Зарр, Аммар, Ақил, Зубайр, Абдулла ибн Масуд және Фазл ибн Аббасты атаған.
Хазірет Фатима, әйелдер және Ана күні
Аһли Бейттың жанкүйерлері хазірет Фатиманың (ғ.с.) қайтыс болған күндерін аза тұтады. Иранда хазірет Фатиманың (ғ.с.) туған күні (20-шы джамади әт-Тани) Әйелдер және Ана күні болып белгіленді, ал Фатима мен Захра есімдері қыздарға жие қойылатын есімдерге жатады.
Белсенділігі
Фатиманың көптеген белсенділік танытты. Мединаға көшу, Ухуд шайқасында Пайғамбарды (с.ғ.с.) емдеу, Ухудта Хамзаның әпкесі және Пайғамбардың (с.ғ.с.) тәтесі Сафиямен бірге шәһидтердің қолбасшысы Хамзаның мәйітінің қасында болу, Хандақ шайқасында Пайғамбарға азық-түлік жеткізу және Меккені жаулап алу кезінде бірге болу - Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғанға дейінгі белсенділігі; дегенмен, Фатиманың (с.ғ.с.) саяси іс-шараларының көбі Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейінгі қысқа өмірімен байланысты.
Қасиеттер
Шиіт және сүнниттік рауаяттарда, түсіндірмелік және тарихи дереккөздерде хазірет Заһра (с.ғ.с.) туралы көптеген қасиеттер баяндалған. Бұл қасиеттердің кейбіреулері Құраннан шыққан, мысалы, «Тазарту аяты» және «Мубахила аяты». Пайғамбардың әулеті туралы аяттардың түсу мәртебесі маңызды, ал Фатима бұл әулеттің бірі.
Ұзақ намаз оқу, түні бойы ұйықтамау, басқалар, олардың ішінде көршілері үшін дұға ету, ораза ұстау және шәһидтердің қабірлерін зиярат ету – Әһли Бейттің, кейбір сахабалардың және ізбасарлардың сөздерінде баса айтылған Фатиманың (с.ғ.с.) мінез-құлық ерекшеліктерінің бірі. Тиісінше, дұғалар мен дұға кітаптарында кейбір дұғалар, жалбарынулар және мадақтар Фатимаға (ғ.с.) жатқызылады.
Фатиманың Алла мен Пайғамбар алдындағы мәртебесі
Сүннит және шиіт ғалымдары «Шура» сүресінің 23-аятына сүйене отырып, «Мейірімділік аяты» деп аталатын Фатиманы жақсы көру және оған қамқорлық жасауды Алланың мұсылмандарға берген бұйрығы деп санаған. «Мейірімділік аятта» Пайғамбардың (с.ғ.с.) миссиясының сыйлығы туыстарға деген достық пен сүйіспеншілік ретінде енгізілген, оны тәпсіршілер Әһли-Бейт (ғ.с.) деп түсіндірген. Рауаяттарға сәйкес, бұл аяттағы туыстар немесе (тәпсіршілердің сөзімен айтқанда) Әһли Бәйт - Фатима, Әли және Хасан мен Хұсейн. «Мейірімділік аятынан» басқа, Пайғамбардан (с.ғ.с.) келген рауаяттарға сәйкес, Алла Фатиманың ашуына ашуланып, оның қуанышына риза болады.
Пайғамбардың Фатимаға және Фатиманың Пайғамбарға деген махаббаты
Пайғамбар Фатиманы қатты жақсы көретін және оны басқалардан артық жақсы көріп, құрметтейтін. «Пайғамбардың бөлігінің хадисі» деп аталатын хадисте ол Фатиманы өзінің бір бөлігі ретінде таныстырады және «кім оған зиян келтірсе, маған зиян келтіргені» деп айтады. Бұл рауаятты алғашқы хадис ғалымдары, мысалы, шиіт ғалымдарының ішіндегі шейх Муфид және сүннит ғалымдарының ішіндегі Ахмед ибн Ханбал әртүрлі жолдармен жеткізген. Рауаяттарға қарағанда, Ислам елшісі сапарға шыққанда, соңғы болып қоштасқан адамы Фатима (ғ.с.) болған, ал сапардан оралғанда алдымен Фатимаға баратын.
Ең үздік әйелдер
Шиіттер мен сүнниттер жеткізген көптеген хадистер Фатиманың (ғ.с.) жұмақтағы әйелдердің ең жақсысы, екі дүниедегі әйелдердің ең жақсысы және үмметтегі әйелдердің ең жақсысы екендігі туралы айтады.
Мубахела оқиғасындағы жалғыз таңдалған әйел
Мұсылман әйелдердің ішінде тек Фатима (ғ.с.) ғана Наджран христиандарымен бірге Пайғамбардың (с.ғ.с.) мубахаласына қатысуға таңдалды. Бұл оқиға «Мубахала» аятында айтылған. Фатима, Имам Әли (ғ.с.), Имам Хасан (ғ.с.) және Имам Хұсейн (ғ.с.) бұл оқиғада Пайғамбардың серіктері болды.
Пайғамбардың нәсілінің Фатима арқылы жалғасуы
Пайғамбардың әулетінің Фатима (ғ.с.) балалары арқылы жалғасуы оның жақсы қасиеттерінің бірі ретінде айтылады. Кейбір тәпсіршілер Пайғамбардың әулетінің Фатима арқылы жалғасуын «Кәусар» сүресіндегі Кәусардың (яғни мол жақсылықтың) мысалы ретінде қарастырған.
Жомарттық
Фатиманың (ғ.с.) жомарттығы оның мінез-құлық қасиеттерінің бірі ретінде айтылады. Әлимен (ғ.с.) некеде тұрған кезінде, экономикалық жағдайы қолайлы болған кезде, ол қарапайым өмір сүріп, әрқашан қайырымдылық жасады. Оларға үйлену кешінде мұқтаж адамға жаңа киім сыйлау, кедей адамға алқа сыйлау және барлық тамағыңызды кедейлерге, жетімдерге және тұтқындарға беру жатады. Рауаяттар сәйкес, Фатима (с.а.), Әли (ғ.с.), Хасан (ғ.с.) және Хұсейн (ғ.с.) үш күн бойы ауызашар кезінде барлық тамақтарын мұқтаж жандарға бергеннен кейін, олардың құрметіне тамақтандыру аяты түскен.
Ғылым және білім
Тарихи рауаяттарға сүйене отырып, Фатима (ғ.с.) әйелдердің фиқһ және ілімдік сұрақтарына жауап берді. Рауаяттар Фатима (ғ.с.) мұрасының маңызды бөлігі болып табылады. Олар ілімдік, фиқһ, этикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Оның кейбір рауаяттары шиіт және суннит хадис кітаптарында айтылған, ал бірқатары «Муснад Фатима» және «Ахбар Фатима» сияқты атаулармен тәуелсіз кітаптарда жинақталған.
Фатиманың тәсбихаты
Фатима-Зәһраның тәсбихаты (С) – Фатима Пайғамбардан (с.ғ.с.) үйренген зікір. Фатиманың тасбихат үйренгені туралы шиіттік және сүнниттік деректерде көптеген мәліметтер бар. Бұл тәсбихаттарды исламның түрлі ағымдары намаздан кейін оқиды.