-
Путин: Сириядағы халықаралық лаңкестік ошағы жойылды
Қар 09, 2020 16:58Ресей Президенті өзінің сириялық әріптесімен сұхбатында Мәскеудің Сирияда жағдайды қалыптандыруға талпынып жатқанын айтып: «Бұл елде халықаралық лаңкестік ошағы жойылды»,-деді.
-
Путин Батыс жаңа санкция салған жағдайда Лукашенконы қолдайтынын айтты
Қар 05, 2020 20:37Беларусьта өткен президенттік сайлауда Александр Лукашенко қайта президент болып сайланғаннан кейін басталған ауқымды наразылықтар Батыстың осы елдің ішкі ісіне араласуына сылтау болды. Еуроодақ пен АҚШ Беларусь үкіметі мен Лукашенкоға қатысты жауластық қатынас ұстанып, оларға қарсы жаңа санкциялар салды.
-
АҚШ-та президенттік сайлауда берілген дауыстарға қатысты дау күшейді
Қар 05, 2020 18:00АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы демократ өкілдерге жазған хатында осы партия үміткерінің сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге жол тарту үшін жеткілікті электорал дауысына ие екенін айтты.
-
Рухани: АҚШ-тың келесі үкіметі Иран халқының алдында тізе бүгеді
Қар 05, 2020 16:22ИИР Президенті АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесінің Иран үшін маңызды еместігін айтып: «АҚШ-тағы келесі үкіметтің Иран халқы алдында тізе бүгетіні күмәнсіз»,-деді.
-
Әзірбайжан мен Армения гуманитарлық көмек беру мақсатында үшінші рет атысты тоқтату келісіміне қол қойды
Қаз 26, 2020 17:44Әзірбайжан мен Армения бірлескен мәлімдеме жасап: «Дүйсенбі, 26 қазан күні таңертең Қарабақ қайшылығына қатысушы тараптар Вашингтонда гуманитарлық көмек беру мақсатында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды»,-деп жариялады.
-
Иранға қатысты жалған уәждер қайталануда
Қаз 22, 2020 15:49БАӘ үкіметінің сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі Анвар Қарқаш Твиттердегі жеке парақшасында бірнеше жазба қалдырып, Иранды Батыс Азия аймағында сенімсіздік пен тынышсыздық тудырып отыр деп айыптады.
-
Трамп Иран туралы жалған уәждерін қайталады
Қаз 22, 2020 13:11АҚШ Президенті Солтүстік Каролина штатындағы сайлау науқаны барысында Иран туралы жалған уәждерін қайталады.
-
Қауіпсіздік кеңес видео форматта Парсы шығанағының қауіпсіздігі жөнінде отырыс өткізді
Қаз 21, 2020 17:15Парсы шығанағы әлемнің геополитикалық аймақтарының бірі ретінде жаһандық экономика мен энергетика салаларында көптеген маңызға ие. Осыған байланысты сейсенбі күні Ресейдің бастамасымен және Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің видео форматтағы отырысы өтті.
-
Трамп дауыс жинау үшін билей жөнелді
Қаз 19, 2020 14:41Трамп сайлауалды науқанында сахнада билеуін жалғастыруда.
-
АҚШ Путиннің New Start келісімін бір жылға ұзарту жобасына қарсы
Қаз 17, 2020 16:41Трамп үкіметі қару-жарақтарды бақылау келісімдерінен шығу деген бүлдіргі қатынас ұстап отырғанына байланысты қазір осы саладағы ең маңызды келісімдердің бірі, яғни New Start деп аталатын стратегиялық ядролық қару-жарақтарды азайту келісімінің болашағы бұлыңғыр болып отыр. Вашингтон іс жүзінде осы келісімді жою жолында әрекет етуде.