-
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуды сұрады
Сәу 20, 2020 04:09«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес Иранға қарсы қару-жарақ санкциясы 2020 жылдың қазан айының 18 аяқталады. 2018 жылдың мамыр айында осы келісімнен шыққан АҚШ аталмыш мәселеге қатаң қарсылық білдірді.
-
АҚШ қоғамдық пікірді экономикалық терроризмнен алдарқатуды көздеп отыр
Сәу 19, 2020 12:30Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Тахтраванчи АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қару-жарақтық шектеу қою туралы уәждеріне тоқталып: «Бұл сөздер – қоғамдық пікірді Иран халқына қарсы экономикалық терроризмнен алдарқатуға бағытталған талпыныс»,-деді.
-
Иранның Қорғаныс министрі: АҚШ-тың Парсы шығанағындағы құзыры тынышсыздық тудырды
Сәу 17, 2020 12:58Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың Парсы шығанағындағы соңғы кездегі әрекеттеріне реакция білдіріп, америкалықтардың бұл аймақтағы заңсыз әрі шапқыншы құзыры тынышсыздықтарға себеп болып жатқанын қуаттады.
-
Пелоси: Трамп әлем мен АҚШ халқын қатерге тігіп отыр
Сәу 16, 2020 13:44АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының басшысы ел Президентінің ДДСҰ-ға қарсы шешіміне реакциясында: «Трамп осы ісімен әлем мен АҚШ халқын қатерге тікті»,-деді.
-
АҚШ үкіметі алдымен теріске шығарып, кейін кінәсін өзгеге жапты
Сәу 16, 2020 11:51Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының басшысы АҚШ үкіметінің алдымен теріске шығарып, кейін өз кінәсін өзгеге жапқанын айтып: «Соңғы апталарда АҚШ халқына ауыр қысым жасалды. Тіпті Иран АҚШ-тың тиімсіз медициналық жүйесіне байланысты сол ел азаматтарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр»,-деді.
-
АҚШ ДДСҰ-на қаржылай көмегін тоқтатты
Сәу 15, 2020 16:00Трамп ДДСҰ-ның бюджетіне қаржылай көмекті тоқтату туралы қоқан-лоққысынан бірнеше күннен кейін АҚШ-тың қаржылай көмегін тоқтатқанын ресми түрде жариялап: "Бұл ұйым өзінің негізгі міндетін орындай алмады», - деген уәж айтты.
-
АҚШ санкциялары – Иранға медициналық көмек көрсету жолындағы кедергі
Сәу 15, 2020 12:56Иранға арналған халықаралық көмек директоры АҚШ санкцияларының Иранға гуманитарлық көмек жіберуді қиындатқанын мәлімдеді.
-
Зариф пен Гутерриш телефон арқылы сөйлесті
Сәу 12, 2020 12:15Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сенбі күнгі телефон арқылы сұхбатта Йемендегі соңғы өзгерістер және АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты әрі заңсыз санкциялары жайлы пікір алмасты.
-
Помпео: Иранға қарсы санкциялар жалғасады
Сәу 08, 2020 13:08АҚШ Мемлекеттік хатшысы әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде санкцияларды тоқтату жөніндегі халықарылық талапқа немқұрайдылық танытып, қазіргі жағдайда Вашингтонның ИИР-на қарсы біржақты және заңсыз санкцияларын жалғастыратынын тағы қуаттады.
-
АҚШ қарақшылығын жалғастырып, Барбадостың медициналық жабдықтарын ұрлады
Сәу 07, 2020 11:57АҚШ үкіметі қарақшылығын жалғастырып, кішкентай Барбодос елінің өкпені жасанды желдету аппараттарын ұрлады.