-
Ирак пен Иран және Түркияның Сыртқы Істер Министрлері Күрдістан аймағындағы бөлінуге қарсы
Қыр 21, 2017 14:06Иран мен Ирак және Түркия СІМ-лері Нью-Йоркте ортақ мәлімдеме жариялап, Ирактың аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігін қуаттап, осы елдің Күрдістан аймағының бөліну туралы референдум өткізуіне өздерінің үзілді-кесілді қарсылықтарын жариялады.
-
Зариф: Ирактың бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажет
Қыр 19, 2017 17:22Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдумның өткізілуіне сілтеме жасап, Ирактың егемендігін құрметтеп, Конституциясын, бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін қуаттады.
-
Әл-Абади Эрбильге қатаң ескерту жасады
Қыр 17, 2017 17:56Ирак Премьер-министрі елдің Күрдістан аймағының басшыларына егер Күрдістан аймағының бөлінуіне қатысты референдум Иракта тынышсыздықтарға себеп болса, әскери араласу орын алынатыны туралы ескертті.
-
Ирактың оңтүстігіндегі лаңкестік шабуылда 50 адам қаза болды
Қыр 15, 2017 11:40Ирактың Зиқар облысындағы кешегі лаңкестік шабуылда кемінде 50 адам қаза болып, ондаған адам жарақат алды.
-
Ал-Хашд аш-Шааби Ирак пен Сирия шекарасында ДАИШ-тың шабуылын залалсыздандырды
Қыр 14, 2017 15:29Ирактың ал-Хашд аш-Шааби күштері халықтық күштері ДАИШ тобының Ирак пен Сирия шекараларындағы кең ауқымды шабуылын залалсыздандырғанын хабарлады.
-
Ирак Парламенті Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсы дауыс берді
Қыр 12, 2017 16:47Ирак Парламентінің өкілдері осы елдің Күрдістан аймағында референдум өткізуге қарсы дауыс бергеннен кейін Ирактың Премьер-министрін бұл мәселені шешу үшін Күрдістан басшыларымен тікелей келіссөздер жүргізуге міндеттеді.
-
Масуд Барзани референдум туралы жанжалды ұстанымын қуаттады
Қыр 12, 2017 09:14Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани аймақтың бөлінуі туралы референдумге қарсыластар толқынының күшеюімен тұспа-тұс Ирактың Күрдістан аймағы мен Киркук облысында референдум өтетінін қуаттады.
-
Генерал-майор Рахим Сафави: Иракты бөлу – дұшпандардың қастандығы
Қыр 08, 2017 11:55Бүкіл Қарулы күштердің бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі Ирак пен Сирияда лаңкестер жеңіліс тапқан соң аймақта жаңа қастандықтың жоспарланып жатқанына тоқталып, дұшпандардың Ирак пен Сирияны бөлшектеуді көздеп отырғанын айтты.
-
ДАИШ әл-Хавидже қаласында өз басшыларының бірін өлтірді
Қыр 05, 2017 16:10Ирактың солтүстігінде орналасқан Киркук провинциясындағы әл-Хавидже қаласының жергілікті дереккөздері: «ДАИШ лаңкестері осы тәкфиршіл топтың басшыларының бірі Ибраһим әл-Әзизиді Әлхан ауылында Киркуктегі Пишмарге әскерилеріне берілу кезінде өлтірді»,-деп хабарлады.
-
ИИР лаңкестіктің көзін жоюда Ирак Үкіметін толық қолдайды
Қыр 04, 2017 09:22Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы Ирак үкіметіне терроризмді жою мен Иракты қалпына келтіріп, дамытуда ислам респбуликасының толығымен қолдау көрсететінін қуаттады.