-
Сұлтание күмбезі – әлемде кірпіштен салынған ең үлкен күмбез
Шіл 30, 2019 12:47Сұлтание күмбезі Зәнджан облысының Сұлтание қаласында орналасқан. Ол Ильханилер заманындағы Иран сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттарының бірі саналады.
-
Қешм аралы
Шіл 29, 2019 09:34Қешм аралы – Иранның әдемі туристік тартымдылықтарының бірі. Арал Хормозган облысында орналасқан.
-
Шахсеван көшпелі тайпасы
Шіл 28, 2019 11:51Шахсеван көшпелі тайпасы – Иранның солтүстік-батысындағы аудандарда, соның ішінде Дәшт-е Мұған, Урумие мен Ардебильде өмір сүретін әзірбайжан халқының бір тармағы. Бұл тайпаны Иранның басқа көшпелі тайпаларынан ерекшелендіретін нәрсе – жарты сфералы алашықтар.
-
Иран: Исфахан (23)
Шіл 27, 2019 10:15Исфахан – Иранда тұрғындар саны бойынша Теһран мен Мешхедтен кейінгі үшінші қала. Ал турист тарту бойынша Мешхедтен кейін ең жоғары статистикалық көрсеткішке ие.
-
Теһран: Аббасабад – мәдени-туристік аймақ
Шіл 24, 2019 10:10Бұрын Теһранның адам аяғы баспаған аймағы саналған Аббасабад аймағы 68 гектар көлемімен осы кезде үлкен демалыс-сауықтыру кешеніне айналды. «Кітап әлемі», «Өнер әлемі», «Музыка әлемі», «Философия әлемі» ғимараттары мен «Қасиетті қорғаныс жылдары» мұражайы Теһранның Аббасабад аймағының халықты ерекше қызықтыратын жерлері.
-
Иран: Чакруд аңғары
Сәу 24, 2019 14:14Чакруд – Гилан облысында орналасқан әдемі аңғар. Бұл аңғар Рахимабад аймағынан басталып, Каспий теңізіне ұласады. Бұл аңғар бір негізгі және екі қосымша аңғардан тұрады. Бұл жердегі сарқырамалардың биіктігі 5 метрден төмен. Тек қосымша аңғардың бірінен биіктігі 30 метрлік бір сарқыраманы көруге болады.
-
Иран: Мейманд ауылы
Сәу 20, 2019 13:47Мейманд ауылы – Иранның тарихи ауылдарының бірі. Ол Керман облысында Бабак қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Қолда бар деректерге сәйкес, жартастардың ортасында ойылып салынған бұл таңғажайып ауылдың 2-3 мың жылдық тарихы бар. Мейманд ауылындағы бір немесе бірнеше бөлме мен қорадан тұратын үй "кидже" деп аталады.
-
Иран: Ағаш ауыл
Сәу 13, 2019 14:51Жергілікті ағаш ауыл Иранның Хорасан-е Разави облысының Нишапур қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл – Иранда сирек кездесетін теңдессіз ауыл. Ол инженер Хамид Моджтахедидің арқасында толығымен ағаштан салынған. Бұл ауылдың көрнекті жерлерінің қатарына ағаш мешіт, мұражай, кітапхана, мейрамхана, дүкен, наубайхана, күрке, жалға берілетін шағын бөлмелер мен жасыл кеңістік жатады.
-
Иран: Шаһристанак
Нау 26, 2019 12:22Шаһристанак – Тучал тауының солтүстігінде, Теһраннан 80 км жердегі Алборз облысында орналасқан ауыл. Тарихи деректер бойынша, бұл ауылдың тарихы хиджри жыл санағы бойынша алтыншы ғасырдан басталады. Бұл мекеннің су қорлары мен бұлақтары халықтың ауылға көптеп келуінің себебі.
-
Иран: Липар суқоймасы
Нау 22, 2019 14:25Липар суқоймасы немесе қызғылт көл Чабаһар жағалауынан Гоатер күре жолының 20 км жері мен Оман теңізінің жағалауында орналасқан. Көптеген өсімдік планктондары мен әртүрлі өзендер арқылы түсетін органикалық материалдар көлдің мұндай түске енуіне себеп болып отыр. Оман теңізінің муссонды дауылы салдарынан туындайтын теңіз ағымдары аймақта өсімдік планктондарының санын көбейтеді.