-
Амир Абдуллахиан: Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр
Қаң 24, 2024 12:38Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Израиль режимінің тек аймақтық дағдарыстар арқасында сақталып тұрғанына тоқталып: "Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр",-деді.
-
Иран Палестинаға көмектесу үшін ортақ қор құруға ұсыныс жасады
Қаң 22, 2024 16:47Иран Қызыл жарты ай ұйымының басшысы Газа секторындағы Палестина халқына көмектесу үшін басқа елдермен бірлесіп қаржы қорын құруға ұсыныс жасады.
-
FATF Иранның өтінішін қабылдады
Қаң 22, 2024 16:25Қаржы шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының (FATF) жетекшісі Иранның өтінішін қабылдап: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатысты стандарттарға енгізілген өзгерістер мен түзетулерді осы ұйымға мүше барлық елдер мен Халықаралық ақша жылыстатуға қарсы күрес агенттігіне жариялаймыз",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Алжир қарым-қатынасы ең жақсы жағдайда жалғасып жатыр
Қаң 22, 2024 15:46Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Алжир Парламентінің төрағасы Мұса Харфимен кездесуінде екі ел қатынасының ең жақсы жағдайда жалғасып жатқанын айтып, осы елдің жоғары лауазымды парламенттік делегациясының Теһранға келгеніне ризалық білдірді.
-
Амир Абдуллахиан: Сионистік режим Газада бірде-бір мақсатына жетпеді
Қаң 22, 2024 15:18Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Иран мен Кувейттің парламентаралық достық тобының төрағасы Мазруқ әл-Хабинимен кездесуінде: "Газада бірде-бір мақсатына жетпеген сионистік режим өз жеңілісін лаңкестік әрекеттер жасаумен өтеуге тырысып жатыр",-деді.
-
Раиси: Сионистердің лаңкестік әрекеттері халықтың назарын Газадағы қылмыстардан алшақтату үшін жасалып отыр
Қаң 22, 2024 14:31Иран Президенті сионистік режимнің лаңкестік әрекеттер жасау себебін бұл режимнің өзі жариялаған мақсаттарға жете алмауы деп атап: "Сионистер аймақ пен әлем халықтарының назарын өзінің Газада жасаған нәтижесіз қылмыстарынан алшақтату үшін осындай әрекетке барады. Бірақ мұндай амалдардың да сәтті болмайтыны анық",-деді.
-
Әлем шиіттерінің тоғызыншы имамының туған күні құтты болсын!
Қаң 22, 2024 13:42Дүйсенбі, х.қ.ж.с.б. 1445 жыл 10 ережеп, сәйкесінше 2024 жыл 22 қаңтар – әлем шиіттерінің тоғызыншы имамы Мұхеммед Тақидың туған күні.
-
Амирабдуллахиан: Иранның әскери кеңесшілерінің қызметі жалғасады
Қаң 21, 2024 15:51ИИР Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Иранның әскери кеңесшілерін өлтіруіне реакция білдіріп, бұл режимді лаңкестік қозғалыстардың басты сыбайласы және аймақтың бірінші дәрежелі дұшпаны деп атады.
-
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сириядағы ирандық кеңесшілерге жасалған қастандықты айыптады
Қаң 21, 2024 13:24ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сириядағы ирандық кеңесшілерге жасалған террорды айыптап: «Иран сионистік режимнің ұйымдасқан лаңкестік әрекетіне жауап беру құқығын өзіне қалдырады»,- деді.
-
Алғаш рет 750 км орбитаға ирандық жерсерік сәтті ұшырылды
Қаң 20, 2024 18:34Иранның ғарыш ұйымына (Байланыс министрлігі) тиесілі "Сорая" жерсерігі Ислам революциясы Сақшылар корпусының 100-ші корпусының үш сатылы тік қатты отын тасымалдағышымен сәтті ұшырылып, 750 км орбитаға орналастырылды.