-
Ислам революциясының жетекшісі Куба Президентін қабылдады
Жел 04, 2023 19:43Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін түстен кейін Куба Президенті Мигел Диас-Канелмен кездесуінде екі елдің зор саяси-экономикалық әлеуеттеріне тоқталып: "Осы әлеуеттерді АҚШ пен Батыс елдерінің үстемдігіне қарсы бірдей ұстанымға ие елдер арасында коалиция немесе одақ құруға пайдалану керек",-деді.
-
Сионистік режим өз мақсаттарына жетпейді
Жел 04, 2023 18:36ХАМАС-тың аға мүшесі Усама Хамдан Бейрутте өткен баспасөз отырысында: "Сионистік режим атысты тоқтату бітіміне дейінгі 50 күнде жасаған қылмыстарында өз мақсаттарына жетпегені сияқты бітімнен кейін де ешбір мақсатына жетпейді",-деді.
-
Бүгін таңертең сионистік әскерилердің шабуылынан кемінде 4 палестиналық қаза тапты
Жел 04, 2023 18:20Бүгін таңертең сионистік әскерилердің Иордан өзенінің батыс жағалауына шабуылында кемінде 4 палестиналық қаза тауып, 2 полиция қызметкері жараланды.
-
Америкалық наразылар Вашингтондағы Ақ үйдің алдында Палестина халқын қолдау мақсатында шеру өткізді
Жел 04, 2023 18:07Кейбір наразылар палестиналық балалардың символды макетін ұстап шығып, ұрандатып, балаларды өлтіруді тоқтатып, Палестинаны азат етуді талап етті.
-
Бүгін Раиси өзінің кубалық әріптесін ресми қарсы алды
Жел 04, 2023 17:52Иран мен Куба басшыларының кездесуінен кейін Раиси екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының жиналысында: "Иран мен Кубаның мүдделеріне сай әлеуеттермен алмасу мақсатында әсерлірек қадамдар жасау керек. Екіжақты әріптестікті дамыту, Палестина халқының құқықтарының орындалуын талап ету, сионистік режимнің қылмыстарына қарсы күресу және үстемшіл жүйеге қарсы тұру – Иран мен Кубаның ортақ ұстанымдарының бірі",-деді.
-
Газадағы жағдай: ауыр түндер, одан да ауыр күндізгі ұрыстар
Жел 04, 2023 16:22Газаның солтүстік, оңтүстік және орталық бөліктеріндегі түрлі аудандарда жексенбі күні кештен дүйсенбі таңертеңге дейін атыс болды. Басқыншылар атысты үдетіп, Газаға әуеден және құрлықтан бомбалар тастап, оқ жаудырды.
-
Йемен қолбасшысы: Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырамыз
Жел 04, 2023 14:07Йемен армиясының Жағалауды қорғау бөлімінің қолбасшысы өз елінің Палестина халқын қолдауда құр бос ұрандатумен шектелмейтінін айтып: "Йемен Қарулы күштерінде қажетті мүмкіндіктер бар. Ол Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырады",-деп ескертті.
-
Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін айтты
Жел 04, 2023 13:55Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесіп, Палестина халқын қолдау мақсатында аймақтық және халықаралық деңгейде талпыныстарды жалғастыра беру керегін баса айтты.
-
Йемен армиясы: Израильдің 2 кемесін нысанаға алдық
Жел 04, 2023 11:59Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі бригада генералы Яхия Сари жексенбі күні кешке осы елдің теңіз күштерінің Баб әл-Мандебте Израильдің 2 кемесін нысанаға алғанын хабарлады.
-
Өткен 24 сағатта 700-ден аса палестиналық шәһид болды
Жел 03, 2023 14:15ХАМАС-тың баспасөз қызметі өткен 24 сағатта 700-ден аса палестиналықтың шәһид болғанын хабарлады.