-
Уақытша бітім басталғаннан кейінгі Газа секторының жағдайы
Қар 24, 2023 13:18Al-Mayadeen арнасының тілшісі жұма күні таңертең уақытша бітімнің алғашқы сағаттарында палестиналық босқындардың Газаға қайту үдерісінің басталғанын айтып: "Басқыншылар Рафахтың шығысында және Газаның солтүстік-батысында атысты тоқтату бітімін бұзды",-деді.
-
Хания Иранға Газада уақытша бітім орнауын қолдағаны үшін алғыс айтты
Қар 24, 2023 12:58ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен кездесуінде Иран үкіметіне Газада уақытша бітім орнауын қолдағаны үшін алғыс айтып: "АҚШ басында қарсылық білдірді, бірақ соғыс алаңындағы жағдайды түсінгеннен кейін Палестина халқы мен әлем жұртшылығының талабына көнуге мәжбүр болды",-деді.
-
Бүгін Газада 4 күндік атысты тоқтату бітімі басталды
Қар 24, 2023 12:21ХАМАС-тың шарттары қабылданғаннан кейін бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де Газада 4 күндік атысты тоқтату бітімі басталды.
-
Газадағы уақытша бітім – Палестина халқы мен қарсыласу күштерінің табандылығының нәтижесі
Қар 24, 2023 11:52ИИР СІМ-нің баспасөз өкілі Газадағы уақытша бітімді Палестина халқы мен қарсыласу күштерінің табандылығының нәтижесі деп атады.
-
АҚШ-тың бірнеше қаласында Газадағы геноцидке қарсы наразылық шерулері өтті
Қар 24, 2023 11:45Америкалық азаматтар Минниеаполис, Нью-Орлеан, Сан-Франциско, Денвер, Филадельфия мен Мемфис қалаларында наразылық шерулерін өткізіп, Газада геноцидті тоқтатуды талап етті.
-
Газада атысты тоқтату бітімі орнауға бірер сағат қалғанда сионистер тағы да қылмыс жасады
Қар 24, 2023 11:30Басқыншы режимнің әскери ұшақтары Газаның солтүстігіндегі UNRWA-ға тиесілі мектепті бомбалады. Бұл шабуылда 30 адам қаза тауып, 100 адам жараланды.
-
Газада шәһидтер саны 14 мыңнан асты
Қар 23, 2023 19:32Израиль режимінің Газа секторына үздіксіз шабуылдарының 47-ші күнінде қаза болған палестиналықтардың саны 14532 адамға жетті.
-
Амир Абдуллахиан: Иран аймақта соғысты таратуды қаламайды
Қар 23, 2023 17:50Иран Сыртқы істер министрі: "ИИР соғысты таратуды қалаған емес, қаламайды да. Өйткені егер бұлай болса, аймақтың жағдайы толық өзгерер еді",-деді.
-
Газадағы өзгерістер Бейрутте қарсыласу күштерінің Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінің өзегі болды
Қар 23, 2023 17:01Иран Сыртқы істер министрі Бейрутке сапарында Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зиад Нахала мен ХАМАС қозғалысы басшысының орынбасары Халил әл-Хиямен кездесіп, Газадағы соңғы өзгерістер және аймақта атысты тоқтату үдерісі жайлы пікір алмасты.
-
Раиси: Сионистер үшін Газа соғысының нәтижесі қоғамдық жиреніш болды
Қар 23, 2023 16:11Иран Президенті Палестина халқының табандылығына тоқталып: "Әлем халықтары алдында қарсыласу тарихының алтын парағы басталды. 40 күн бойы дұшпанның масқарасы шықты",-деді.