-
Сионистік сарбаздардың палестиналықтарға шабуылының салдарынан 17 адам жараланды
Қаз 04, 2023 17:32Палестина Қызыл Жарты ай ұйымы сейсенбі күні кешке сионистік басқыншы күштердің Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған шабуылында 17 палестиналықтың көзден жас ағызатын газдың әсерінен жараланғанын немесе тұншығып қалғанын хабарлады.
-
Теһранда "Палестина балаларымен ынтымақтастық" халықаралық алтыншы отырыс өтеді
Қаз 04, 2023 15:06Шәһид Мұхаммад әл-Дурены еске алатын Палестина балалары мен жасөспірімдерімен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық отырыстың хатшысы былай деп хабарлады: "Бұл басқосудың алтыншы отырысы сенбі күні және Балаларды қорғау күнімен бір мезгілде Теһранда өтеді".
-
Ислам революцияcы жетекшісі: Ұлы Пайғамбар адамзаттың барлық дерттеріне дәрмен ұсынды
Қаз 03, 2023 15:22Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс бір топ адамдар, үкімет қайраткерлері, ислам елдерінің елшілері және Бірлік конференциясының қонақтары бүгін (сейсенбі) таңертең Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.
-
Исламдық жиһад қозғалысы: Қарсыласу жалғасуда, шәһидтердің қаны кең таралған интифаданы тұтандырады
Қыр 30, 2023 16:56Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы сионистердің оғынан зардап шеккен палестиналық жас Мұхаммад Джебраил Раманенің шәһид болуына көңіл айтып, дұшпандардың қылмыстарына қарамастан күрес пен қарсыласудың жалғасатынын баса айтты.
-
Тель-Авив Газа секторының шығысына әуе шабуылдар жасады
Қыр 26, 2023 15:22Сионистік күштер дүйсенбі күні кешке Газаның шығысындағы қарсыласу күштерінің штаб-пәтерін екі рет зымыранмен нысанаға алды.
-
Сионистер әл-Ақса мешітіне екінші күн қатарынан баса-көктеп кірді
Қыр 25, 2023 19:14Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны бүгін таңертең екінші күн қатарынан яһудилік мерекелердің бірін сылтауратып, заңсыз түрде әл-Ақса мешітінің аулаларына баса-көктеп кірді.
-
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: Иранмен келісіміміз өзара құрметке негізделген
Қыр 24, 2023 16:39Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі сенбі күні: "Иранмен келісіміміз өзара құрметке және ішкі іске араласпауға негізделген",-деді.
-
Раиси: Иранның әскери доктринасында соғысқа орын жоқ
Қыр 22, 2023 10:58Иран Ислам Республикасының Президенті: «Иранның әскери доктринасында соғысқа орын жоқ, бірақ қорғаныстық көзқараспен әскери дайындықты сақтау – белгілі бір саясат.
-
5 палестиналықтың жаназасы шығарылды
Қыр 21, 2023 14:17Дженин мен Арихада сионистік режимнің жуырдағы қылмыстарында шәһид болған 5 палестиналықтың жаназасы шығарылды.
-
Еврейлер жаңа жылын сылтауратып, әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсетілді
Қыр 18, 2023 08:30Еврейлер жаңа жылын сылтауратып, сионистік қоныстанушылар әл-Ақса мешітінің кіре берісінде билеп, тепкілеп, палестиналық мұсылмандарды арандатты. Сионистік сарбаздар әл-Ақса мешітінің қорлануына наразылық білдірген палестиналықтарға шабуыл жасады.