-
Сирия Иранмен экономикалық байланысты кеңейту қажеттігін қуаттады
Қаз 20, 2018 17:23Сирия сауда палаталары одағының бас хатшысы Иран мен Сирия арасында экономикалық байланысты кеңейту жолындағы кедергілерді жоюды сұрады.
-
Ресей АҚШ-тың Сирияға қатысты кез келген санкциясына жауап беретінін жариялады
Қаз 19, 2018 06:29Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары санкцияны АҚШ-тың Сириядағы «қате саясатының» бір бөлігі деп атап, Мәскеудің бұл санкцияларға жауап беретінін жария етті.
-
Сауд Арабиясының Сирия істеріне араласуға құқығы жоқ
Қаз 19, 2018 05:12Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында аймақта лаңкестіктің пайда болуына себеп болған Сауд Арабиясының Сирия істеріне араласуға құқығы жоқ екендігін мәлімдеді.
-
ДАИШ 10 сириялық азаматты дарға асты
Қаз 15, 2018 17:12Оппозиционерлерге тиесілі "Сирияның адам құқығын бақылау ұйымы ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобының 10 сириялық азаматты елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор облысының түрмелерінде өлтіргенін хабарлады.
-
Либерман Иранға Сирияны әскери базаға айналдыруға жол бермейтінін мәлімдеді
Қаз 15, 2018 12:47Сионистік режимнің Соғыс министрі жексенбі күні осы режимнің ИИР-ға қарсы әрдайымғы уәждерін қайталап: "Израиль Иранға Сирияны әскери базаға айналдыруға жол бермейді",-деді.
-
Америкалық коалиция ДАИШ мүшелерін Сириядан тасымалдауда
Қаз 07, 2018 13:22Сириялық ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ басқаратын ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның осы лаңкестік топтың бір топ мүшесін Сирияның шығысындағы Дейр оз-Зордың оңтүстік-шығысында орналасқан әл-Шаафа қалашығынан шығарып алғанын хабарлады.
-
Зариф: Америкалықтарға сенім артуға болмайды
Қаз 06, 2018 10:55Иран СІМ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы арқылы келіссөз өткізу үшін сенім артуға бомайтын ел екенін дәлелдегенін айтты.
-
АҚШ Сирияға С-300 зымырандық жүйесінің тапсырылуына алаңдаушылық білдірді
Қаз 03, 2018 12:55АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт сейсенбі күні кешке Ресейдің Сирияға С-300 зымырандық қорғаныс жүйесін тапсыруына алаңдаушылық білдіріп: «Оның Сирияда орнатылуы бұл елдің жағдайының нашарлауына соқтырады» деген уәж айтты.
-
Сирияда лаңкестерге қарсы әскери амалдар кезінде 112 ресейлік әскери қаза болды
Қаз 01, 2018 12:57РФ Қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі федерация кеңесінің төрағасы және Ресей әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы Сирия үкіметіне көмек көрсету мақсатында соңғы үш жылдың ішінде лаңкестікке қарсы амалдар кезінде 112 ресейлік әскеридің қаза болғаны туралы хабарлады.
-
Болтон: Сириядағы ресейлік ұшақтың құлауына Теһран кінәлі
Қыр 25, 2018 11:07АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі дүйсенбі күні ешбір дәлел мен құжатсыз Иранды Сирия мен Ливандағы шабуылдары мен Сириядағы ресейлік ұшақтың құлауына кінәлі деп атады.