-
Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Қыр 19, 2018 14:05Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб келісімінің егжей-тегжейі туралы сөйлесті.
-
Ердоған: АҚШ Түркияның экономикасын тұралатуды мақсат етуде
Қыр 17, 2018 04:16Түркия Президенті: "Түркияның экономикасын нысанаға алған шабуылмен бетпе-бет келіп отырмыз. Лираның құнсыздануы – дұшпанның Түркияны экономикалық тұрғыдан тұралатуды мақсат етіп отырғанының көрінісі",- деді.
-
Иран мен Түркия өнеркәсіп саласында әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
Қыр 15, 2018 17:52Иранның Анкарадағы елшілігінің сауда істері жөніндегі кеңесшісі Әлиреза Джафарбиглу мен Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігінің өнеркәсіп қалашықтары департаментінің басшысы Рамазан Йылдырым кездесіп, әсіресе АҚШ-тың екі елге қарсы салған біржақты санкциялары кезеңңінде екі елдің өнеркәсіп және өнеркәсіптік қалашықтар саласында әріптестік жасауының маңыздылығын қуаттап, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірліктерін жариялады.
-
Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық құжаттарына қол қоюы – екі ел әрекеттестіктерінің нышаны
Қыр 15, 2018 10:36Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасында құны 1 миллиард 7 миллион долларды құрайтын сауда саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 24 құжатқа қол қоюды екі ел арасындағы өзара әрекеттестік пен сенімнің белгісі деп атады.
-
Иранның Түркия және Ресеймен стратегиялық қарым-қатынасы: жетекші көзқарасы
Қыр 08, 2018 12:00Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жұма күні кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен бірге келген делегацияны қабылдауында ислам әлемінің бүгінгі ең маңызды қажеттілігін мұсылман елдерінің барынша жақындасуы мен өзара әрекеттестігі деп атады.
-
Зариф Эрдоғанмен кездесті
Там 30, 2018 12:44Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сәрсенбі күні Анкарада Әділет және даму партиясының кеңсесінде кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен Сириядағы өзгерістер туралы пікір алмасты. Кездесуге Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да қатысты.
-
АҚШ Түркияға қарсы жаңа санкциялар жөнінде қоқан-лоққы жасады
Там 19, 2018 09:28АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин Түркияға қарсы экономикалық соғыстың жалғасында бейсенбі күні: "Егер Түркияда абақтыға қамалған америкалық шіркеу қызметшісі Эндрю Бронсон азат етілмейтін болса, Анкара бұдан да көп экономикалық санкцияларға ұшырайды",- деп баса айтты.
-
Ақ үй Түркиядан импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайтынын мәлімдеді
Там 16, 2018 10:53Ақ үйдің ақпарат өкілі: "Түркияда америкалық шіркеу қызметкері босатылған жағдайда да, осы елден импортталатын болатқа белгіленген тарифтің күші жойылмайды",-деді.
-
Ғасеми: Трамп "санкция" ауруына шалдыққан
Там 15, 2018 09:35ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иран мен тағы да басқа елдерге қарсы салған санкциялары жайлы: "АҚШ президенті Дональд Трамп "санкция" салу ауруына шалдыққан сиықты. Себебі, Иранмен қоса, Түркия, Ресей және тағы да басқа мемлекеттерге санкциялық саясаттарын жүзеге асыруда. Бұл соңында АҚШ-ты жеңіліске ұшырататын заңсыз, қате және халықаралық ережелерге қайшы іс ",- деп баса айтты.
-
Зариф: Трамптың Түркияға экономикалық қиындық таңғанына масаттануы ұят іс
Там 11, 2018 16:43Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Түркияға қарсы санкцияларына реакциясында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Түркияға экономикалық қиындық таңғанына масаттануын ұят іс деп атады.