Шахшырақ кесенесіне лаңкестік шабуыл жасаған Рахматулла Наурызовтың лақап аты – Салман Исламйар. Ол әлеуметтік желі арқылы ДАИШ мүшелерінің бірімен байланыс орнатқан.
Түркия Президенті осы ел барлау қызметінің Сириядағы бір әскери амалы барысында ДАИШ-тың бір серкесінің өлтірілгенін хабарлады.
Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, АҚШ ДАИШ-тың ондаған лаңкесін Сирияның Дейр-оз-Зор қаласындағы өз әскери базаларына тасымалдады.
Ирактың Найнава провинциядағы Талль-Афар қаласының қолбасшысы: "2014 жылы ДАИШ ұрлаған 400 әйелдің тағдыры әлі белгісіз",-деді.
Иран Ислам Кеңесінің Төрағасы соңғы тәртіпсіздіктерде жараланған полиция қызметкерлерін аралау кезінде Ирандағы жаңа ДАИШ-тың құрылуына қарсы шешуші шаралар қолданылатынын қуаттады.
БҰҰ Бас хатшысы Шираздағы Шаһшыраққа жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.
Иран Сыртқы істер министрі: «Шаһшырақ» кесенесіндегі лаңкестік шабуыл Иранда террор мен қатыгездікті қолдап отырғандардың сұрқия пиғылын көрсетті»,-деді.
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы: «Лаңкестер қатыгездік пен террорды насихаттайтын медиа диктатуралардың қолдауымен бейкүнә балалар, әйелдер мен ерлерді шәһид етті»,-деді.
Иран Президенті Ахмад бен Мұса (ғ.) кесенесінде бір топ зияратшының қаза тапқанына көңіл айтып: «Қауіпсіздік және тәртіп күштері осы қылмысты ұйымдастырушыларды анықтап, оларға ғибрат алар әрі өкінерлік жауап береді»,-деп жазды.
Сәрсенбі күні кешке қарулы лаңкес Шираздағы хазірет Шаһшырақ кесенесіне басып кіріп, намазхандарға шабуыл жасап, 15 адамды, соның ішінде бірнеше әйел мен баланы өлтіріп, 27 адамды жаралады.