Сардар Шариф: Құдс интифазасы - мүбарак құбылыс
Ирандағы интифаза және Құдс штабының төрағасы: "Сионистік режимнің қауіпсіздік көрсеткіші ислам әлеміндегі жағырапиялық қақтығыстан кейін палестиналықтардың үшінші интифазасынан соң жаулап алынған жерлерде бейберекеттік үндеуінің жалғасып жатқанын аңғартады" деді.
Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА- ның хабарлауынша интифаза және Құдс штабының төрағасы бригада генералы Сардар Рамазан Шариф Теһрандағы «Құдс күні – жауапты өмір» атты ғылыми отырыста сөйлеген сөзінде: «Палестиналықтардың үшінші интифазасында 200-ден астам шәһид және 2 мыңнан астам адам жараланды. Осы құбылыстың нәтижесінде сионистік режимнің қылмыстарына көзжұмбайлық танытып отырған елдердің шын бейнесінің қоғамдық пікір үшін бұрынғыдан жақсырақ айқындалуына үміт бар.
Палестиналықтардың үшінші интифазасы олардың дәстүрлі күресі шеңберіндегі мағыналы әрекеті болып табылады. Бүгінде палестиналық жауынгерлер өз жасампаздығы мен бастамаларына иек артумен сионистік режиммен күресті жалғастыруда» деді.