Сауд Арабиясы қарсыласу қозғалысын әлсіретуді мақсат етуде
Израиль режимімен ынтымақтастық жасайтын Сауд Арабиясы исламдық қарсыласуға соққы беру мақсатында Ливанның Хизболласына қарсы қаржы саласында санкция салу үшін АҚШ пен Франциямен ынтымақтастық жасауда.
Палестиналық «Әл-Минар» газетінің жексенбі күнгі «Израиль мен Сауд Арабиясы басшыларының екіжақты қызметі және Риядтың миллардтаған долларының Тель-Авивке ағылуы» атты репортажында Сауд Арабиясының Франция арқылы Израильге 15 миллиар долларлық көмек жібергенін жазды. Осы мәлімет бойынша, 2006-шы жылы Рияд Ливандағы екінші, яғни 33 күндік соғыс кезінде Израильге 2 миллиард доллар көмек жіберген. Сауд Арабиясының Барлау ұйымының сол кездегі басшысы Бандар бен Сұлтан дәл сол кезде басып алынған Палестина жерлеріне (Израильге) сапар шегіп, Құдста Израильдің сол кездегі премьер-министрі Эхуд Ольмертпен кездесті.
Сауд Арабиясы Ислам әлемінің бірінші дұшпаны сионистік режиммен ынтымақтастық жасауымен бірге Ливанның Хизболласын қаржылай қоршауға алу үшін Вашингтон және Парижбен қарым-қатынас орнатуда. Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман Вашингтонға жасаған соңғы сапарында АҚШ басшыларымен кездесіп, олармен Ливан Хизболласын қоршауға алу туралы сөйлесті. АҚШ үкіметі Ливан Хизболласына қаржылай санкция салу заңын іске асыратын болды.
Ливанның исламдық қарсыласуы Сирия әскерімен бірге Сауд Арабиясы, АҚШ және Израильдің қолдауын көріп отырған әртүрлі лаңкестік топтармен соғысып жатқан жағдайда қаржы санкциясымен бетпе-бет келді. Ливан Хизболласы күштерінің Сириядағы маңызды рөлі дұшпандардың қарсыласу шебін әлсірету жобасын сәтсіздікке ұшыратып, лаңкестерді Сириядан шығармады.
Сауд Арабиясы исламдық мемлекет ретінде АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясынан құрылған үшбұрыштың бір қабырғасына айналды. Ливанның Хизболласына қаржылай санкция салынбай тұрып бұл топты Сауд Арабиясы «лаңкестік топ» деп таныстырған болатын. Сауд Арабиясының қысымдарымен аймақтың кейбір органдары мен кейбір араб үкіметтері Хизболлаға қарсы ұстаным көрсетті.
Сауд Арабиясы өткен бірнеше жылда барлық мүмкіндіктерін ислам әлемі дұшпандарының ықтиярына беріп отыр. Сауд Арабиясының исламдық үмбетке жасаған зұлымдығы исламдық елдерді қайшылықтар мен ДАИШ сынды лаңкестік құбылыспен бетпе-бет әкелді. Израиль мен АҚШ-на Арабстанның жалдануы қоғамдық пікір алдында саудиялық басшыларды оқшауландырды.
Қасиетті кесенелердің қызметшілері ислам әлемімен ынтымақтастық жасаудың орнына мұсылмандардың бірінші жауы сионистік режиммен бірігіп, исламдық үмбетке соққы беруде.
Әлемдік Құдс күні қарсаңында және барша мұсылмандар бірауыздан Палестина мен қарсыласу қозғалысын қолдап отырған жағдайда Сауд режимі сионистік дұшпанмен бірге қарсыласу қозғалысын әлсірету жолында әрекет жасауда.
Сауд Арабиясының ислам әлемінің дұшпандарымен ынтымақтастық жасауы Сауд режимі басшыларының ұйқысын өзгерте алмайды. Хизболла ислам тарихында жүзіктің көзіндей жарқырай түседі. Ливан Хизболасының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың айтуынша, қастықтар мен қаржы санкциялары исламдық қарсыласуға еш әсерін тигізбейді.