Иран қарулы күштері бас штабының әлемдік Құдс күніне орай жасаған мәлімдемесі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i10165-Иран_қарулы_күштері_бас_штабының_әлемдік_Құдс_күніне_орай_жасаған_мәлімдемесі
Иран қарулы күштерінің бас штабы ислам әлемінің әлемдік Құдс күні шеруіне ерлікпен қатысуын сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 28, 2016 16:55 Asia/Almaty
  • Иран қарулы күштері бас штабының әлемдік Құдс күніне орай жасаған мәлімдемесі

Иран қарулы күштерінің бас штабы ислам әлемінің әлемдік Құдс күні шеруіне ерлікпен қатысуын сұрады.

Иран қарулы күштерінің бас штабы бүгін сейсенбі күні әлемдік Құдс күніне орай мәлімдеме жариялап: «Палестина халқы қарсыласуының мәтінінде Ислам революциясының дискурсы интифаза дискурсының пайда болуының факторы, анти сионистік қуатты күшті дүниеге әкелуші болып табылады. Хазірет имам Хомейнидің мүбәрак рамазан айының соңғы жұмасын әлемдік Құдс күні деп атаған стратегиялық және тарихи бастамасы әрі антисионистік қарсыласуды қалыптастыру үшін қырағылықпен мұрсат тудыруы 37 жыл өтсе де үстемшіл жүйе мен сионизм үшін шешілмес түйткіл болып саналады.

Бітім жобасын іске асыру жолындағы астыртын әрекеттер мен сәтсіз талпыныстарға қарамастан қарсыласу мен Палестина интифазасының жалындары және ислам үмбетінің қолдауы бұрынғыдан ауқымдырақ болып, Құдс шәріпті жаулап алушы режимнің арсыз тіршілігін қармады. Бейт әл- Мұқаддасты азат ету және Израиль жалған режимінің көзін құрту ислам әлемінің негізгі әрі бірінші мәселесі болып саналады» деп мәлімдеді.