Иран Сыртқы істер министрі Стамбұлдағы лаңкестік жарылыстарға реакция білдірді
ИИР Сыртқы істер министрі Стамбұлдың Ататүрк әуежайында лаңкестік жарылыс жасағандарды айыптады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, сәрсенбі күні таңертең «Твиттердегі» парақшасында кеше кешке Ататүрк әуежайында орын алған жарылыстарға реакция білдіріп: «Лаңкестік – әлемдік қоқан-лоққы, сондықтан онымен жаппай күресу қажет»,- деп жазды. Зариф Стамбұлдың Ататүрк әуежайындағы лаңкестік жарылыстарды лаңкестіктің сұм бейнесінің үлгісі деп атап: «Лаңкестіктің сұм бейнесі Иранмен шекаралас дос елде тағы көрінді»,- деп қуаттады.
Әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша Ататүрк әуежайында болған үш лаңкестік жарылыс салдарынан кемінде 36 адам қаза болып, 140-тан астам адам жарақат алған.