Эрдоған Ататүрк әуежайындағы жарылыстарға реакция білдірді
Түркия Президенті Стамбұлдың Ататүрк әуежайында лаңкестік жарылыстарды іске асырғандарды айыптады.
Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған сейсенбі күні Стамбұлдың Ататүрк әуежайындағы лаңкестік жарылыстардан кейін жасаған мәлімдемесінде лаңкестікке қарсы халықаралық деңгейде бірлесіп күресу қажеттігін қуаттады.
Түркия Президенті Стамбұлдың Ататүрк әуежайындағы лаңкестік шабуылды 70 миллион түрік азаматы мен әлемнің жеті жарым миллиард адамына қарсы жасалған шабуыл деп атады.
Эрдоған Стамбұлда жарылыс жасаушылардың мақсатын Түркияны әлсірету деп жариялап: «Бұл жарылыстардан ДАИШ тобының қатыстылығы туралы белгілер байқалады»,- деді.
Кеше сейсенбі күні кешке Ататүрік әуежайында үш дүркін жарылыс болды.
Әртүрлі ақпарат құралдары Ататүрк әуежайындағы лаңкестік шабуылдың салдарынан кемінде 36 адамның қаза болып, 140-тан астам адамның жарақат алғаны туралы хабарлады. «Associated Press» Ататүрк әуежайындағы лаңкестік жарылыстарда 50 адам қаза болды деп хабарлады.