Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясының әлемдік Құдс күніне орай жасаған мәлімдемесі
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы "Әлемдік Құдс күні ислам әлемінің қақ жүрегіне Израильді қатерлі ісіктей еккен ислам үмбетіне қарсы халықаралық астыртын әрекеттерді еске салады" деп мәлімдеді.
Исламдық мазхабтарды жақындастыру әлемдік ассамблеясы әлемдік Құдс күніне орай жариялаған мәлімдемеде: "Құдс күні Палестина халқы мен ислам үмбетінің қайғы-қастіреті мен тауқыметін әлемдіктердің есіне салу үшін мүбәрак рамазан айының соңғы жұмасында өткізіледі. Палестинаны жаулап алу ислам үмбеті арасында кемсітушілік пен қорлықты сездіру мақсатындағы үлкен жобаны бастау болды, алайда Палестинаның қарсыласуы және мұсылман ұлттардың тұрғы ұстануы осы жобаның іске асуына тосқауыл қойды" деп қуаттады.