Дін үлемдері халықты Құдс күнгі шерулерге салтанатты түрде қатысуға шақырды
Насер Макарем Ширази, Нури Хамедани, Джафар Собхани, Джавади Амоли және Алави Горгани сынды ирандық дін үлемдері халықтың әртүрлі таптарын әлемдік Құдс күні өтетін шерулерге салтанатты түрде және батырлықпен қатысуға шақырды.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша аятолла Насер Макарем Ширази Құдс күні баршаның шерулерге қатысуы керектігіне тоқталып: «Құдс күнінің айғайы әлемде жаңғыруы керек. Мұсылмандардың алғашқы қыбыласы жаулап алынды. Осы мекен тез арада ислам әлеміне қайтарылуы керек» деді.
Иранның танымал діни үлемдерінің бірі аятолла Хосейн Нури Хамедани да мәлімдемеде барлық мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етушілерін Құдс күнгі шерулерге ауқымды түрде және батырлықпен қатысуға шақырды.
Аятолла Джафар Собхани да Құдс күнгі шерулерге халықтың ауқымды түрде қатысуын қуаттап: «Мұсылмандар рамазан айының соңғы жұмасында әлемнің барлық жерінде Палестина халқын қолдау үшін және сионистік жауыз үкіметті өз орнына қойып, Құдс азат етілу үшін шерулерге қатысуы керек» деді.
Ирандық келесі діни еліктеу үлгілерінің бірі аятолла Абдолла Джавади Амоли да халықты Құдс күні өтетін шерулерге салтанатты түрде қатысуға шақырып: «Әлемдік Құдс күні Палестинаның мақұрым халқын азат ету үшін ғана өткізілмейді, себебі Құдс ислам әлемінің ұзындығы және еніне дейін қасиетті» деді.
Аятолла Мохаммад Алави Горгани да «Мүмін және ораза тұтқан ислам үмбеті тілектес, біртұтас, үндес күйде Құдс күнгі шерулерге кең ауқымды түрде қатысуы керек» деді.