Ислам республикасының мәртебелі басшылары әлемдік Құдс күні рәсімінде сөз сөйледі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i10498-Ислам_республикасының_мәртебелі_басшылары_әлемдік_Құдс_күні_рәсімінде_сөз_сөйледі
ИИР президенті Иран халқының Палестинаның жәбірленген халқының құқығын үзілді- кесілді қолдайтынын қуаттап: "Иран ешқашан Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын сионистік режимнің зорлық- зомбылықтары алдында жалғыз қалдырмайды" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 02, 2016 11:20 Asia/Almaty
  • Ислам республикасының мәртебелі басшылары әлемдік Құдс күні рәсімінде сөз сөйледі

ИИР президенті Иран халқының Палестинаның жәбірленген халқының құқығын үзілді- кесілді қолдайтынын қуаттап: "Иран ешқашан Палестина халқы мен қарсыласу қозғалысын сионистік режимнің зорлық- зомбылықтары алдында жалғыз қалдырмайды" деді.

Иран президенті Хасан Рухани жұма күні Теһранда әлемдік Құдс күні шерулерінде сөйлеген сөзінде: «Палестина халқы ешқашан жалғыз қалмайды. Бостандық сүйгіш халықтардың, соның ішінде Иран халқының қолдауымен қарсыласудың арқасында жеңіске қол жеткізетін болады» деді.

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани де әлемдік Құдс күні шеруі аясында сөз сөйлеп: «Халық осы шерулерге жаппай қатысуымен өз абыройлары үшін майданға келіп, өзге мұсылмандардың тағдырына қаншалықты мән беретіндіктерін көрсетті.

Аймақтағы ахуал ушығып отырған қазіргі жағдайда осы шеруге қатысудың себебі сионистік режимнің теріс пайдалануына жол бермеу болып табылады. Сондай-ақ, осы құзыр мұсылман ұлттардың оянуының белгісі болып табылады» деді.

Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани де әлемдік Құдс күнінде сөйлеген сөзінде: «Имам Хомейнидің мүбәрак рамазан айының соңғы жұмасын әлемдік Құдс күні ретінде белгілеу бастамасы Палестинаның жапа шеккен халқының үнін сергек сақтап қалды» деді.

Аятолла Амоли Лариджани жақын арада әлем мұсылмандарының еңбегі мен бірлігінің арқасында Палестина халқының өз отанына оралып, толық тыныштықта өмір сүруіне үміт білдірді.

Эксперттер мәжілісінің төрағасы аятолла Ахмад Жәннати да Құм қаласында өткен әлемдік Құдс күнінің шеруінде: «Исламдық Иранның халқы Палестина жерінен Израильдің толығымен көзін жойғанша сахнада қалып, Палестинаның армандарын қорғайды» деп қуаттады.