Израиль армиясы Сирия армиясының тұрғыларына шабуыл жасады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i10648-Израиль_армиясы_Сирия_армиясының_тұрғыларына_шабуыл_жасады
Сионистік режим армиясының күштері Сирияның Голлан аймағында Сирия армиясының тұрғыларын нысанаға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 04, 2016 19:03 Asia/Almaty
  • Израиль армиясы Сирия армиясының тұрғыларына шабуыл жасады

Сионистік режим армиясының күштері Сирияның Голлан аймағында Сирия армиясының тұрғыларын нысанаға алды.

Сионистік режимнің армиясы израильдік әскерилердің дүйсенбі күні Сирияның Голан аймағында Сирия армиясының екі базасына оқ жаудырғанын мәлімдеді.

Израиль армиясы бұдан бұрын да Сирия армиясының тұрғылары мен бейбіт тұрғын аймақтарын нысанаға алған болатын.

Сионистік режим ДАИШ және ән-Носрат лаңкестерінің Сирия халқына жасаған шабуылы барысында әрдайым оларға қаржылай және қарау- жарақпен қолдау көрсетіп, көптеген жаралы лаңкестер Израильдің ауруханаларында емделді.

Сирия президенті Башар Асадтың айтуынша, сионистік режим армиясы Сирияның шекаралық аймақтарындағы лаңкестік топтардың шабуылдарын әшкере түрде қолдап отыр.