Сауд Арабиясының Медина қаласында лаңкестік әрекет жасағандардың бірі анықталды
(last modified Tue, 05 Jul 2016 14:51:48 GMT )
Шіл 05, 2016 20:51 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Медина қаласында лаңкестік әрекет жасағандардың бірі анықталды

Сауд Арабиясының ақпарат құралдары Медина қаласында лаңкестік шабуыл жасағандардың бірінің кім екендігі туралы жаңа мәліметтер жариялады.

Сауд Арабиясының «әл- Ватан» газетінің интернет торабының сейсенбі күнгі мәлімдеуі бойынша, Сауд Арабиясының Таиф қаласының тұрғыны 18 жастағы Омар Абдолхади Омар әл- Жағид әл- Атиби дүйсенбі күні кешке Медина қаласында лаңкестік жарылысты ұйымдастырған.

Саудия қайраткерлері Омар Абдолхади Омар әл- Жағид әл- Атиби көп уақыттан бері Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері тарапынан қудалауда болды деген уәж айтты.

Сауд Арабиясының қауіпсіздік қайраткерлері сондай- ақ жексенбі күні кешке Жиддадағы АҚШ елшілігінің консулдығына шабуыл жасаған Пәкістан азаматы Абдолла Голзархан 12 жылдан бері отбасымен бірге осы қалада тұрған деп мәлімдеді.

Голзархан жексенбі күні кешке Жиддадағы АҚШ елшілігінің консулдығына шабуыл жасау мақсатында өз көлігімен осы консулдыққа жақындамақ болған кезде полиция күштері оған күдіктеніп, тексеру барысында олармен қақтығысып, оққа ұшып өлді.