Иран сионистік қалашықтар құрылысының жалғасуына реакция білдірді
ИИР Палестинаның басып алынған аймақтарында сионистік режимнің қалашықтар құрылысын жылдам тоқтату қажеттілігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні сионистік режимнің басып алынған аймақтарда 800 пәтер салу туралы жаңа шешіміне реакция білдіріп, бұл әрекетті халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның қарарларына қайшы деп атап, айыптап: «Құдсты басып алған режимнің жаңа қалашықтар тұрғызуды жалғастыруы халықаралық заңдарды масқара еткені, сондықтан бұл құрылыс тез арада тоқтатылуы керек. ИИР тағы да хабардар ұждандар мен халықаралық ұйымдар мен органдарды басқыншылық пен зұлымдыққа ұшыраған палестиналықтардың қайғы-қасіреттерін азайтуға шақырады»,- деді.