Шіл 12, 2016 18:47 Asia/Almaty
  • «Ликуд» партиясының мүшелері палестиналықтарды өлтіру қажеттігін айтты

Әлемдік қауымдастық сионистік режимді палестиналықтарға қысым жасайды деп сынағанына қарамастан, осы режим мүшелерінің бір тобы палестиналықтарға қарсы саяси-экономикалық және әскери қысымдарды арттыруды талап етті.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бастаған Кнессеттегі «Ликуд» партиясының мүшелері өз мәлімдемесінде палестиналықтарды басып-жаншуды қолдап, Израиль үкіметінен палестиналықтардың күрестерін тоқтату үшін бұл жер мен басып алынған жерлердің халқын өлтіруді басты бағдар етіп алуды сұрады.

Израильдің «Ликуд» партиясының мүшелері осы өтініште: «Израиль кабинеті палестиналықтар, әсіресе интифаза басшыларын өлтіру, палестиналық күрескерлердің үйлерін қирату, палестиналықтардың жерлерінде қалашық салуды кеңейту арқылы Палестина халқының сионистерге қарсы көтерілісін тоқтата алады»,-деді. Израиль Парламенті мүшелерінің үкіметке палестиналықтарға қысым жасау туралы адамзатқа қарсы өтініші жексенбі күні бұл режим мүшелерінің басым бөлігінің Құдс интифазасының алдын алу мақсатында Иордан өзенінің батыс жағалауында әл-Халил қаласына жақын жерде қалашықтар салуды кеңейту жобасын қабылдаған жағдайында айтылып отыр.

Осы жоба бекітілгеннен бірнеше сағат өткеннен кейін сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осы режим Парламентінің мүшелері тарапынан берілген палестиналықтарға қарсы қысымды арттыру, әсіресе «әл-Халил» атырабында қалашық салу жобасын кеңейту туралы өтінішке қолдау білдіріп: «Барлық органдарды израильдік азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін жұмылдырудамыз, оларды халықаралық ескертулердің ықпалында қалдырмаймыз»,-деді.

Сионистік режим Парламенті мен министрлер кабинетінің өткен қазан айында басталған «Құдс интифазасы» деп аталған Палестина халқы көтерілісінің жалғасуы сылтауымен палестиналықтарға қарсы қысымдарды арттыруды қолдауы Еуропа Одағы мен АҚШ сияқты осы режим демеушілерінің соңғы бірнеше күнде бұл режимнің экспансиялық саясатын аймақтағы бейбітшілікке тосқауыл деп атаған жағдайында жасалып отыр.

Сионистік режим органдары мен жауапты тұлғаларының палестиналықтарға қарсы жан-жақты қысымдарды арттыруға талпыныстары осы режимнің палестиналықтарды басып-жаншу әрекеттерінің салдарынан өткен қазан айынан осы күнге дейін кемінде 225 палестиналық шәһид болып, жүздеген адам жараланған жағдайда жасалып жатыр. Бұған қарамастан, палестиналықтар әрдайым Израильдің шовинист әрі қылмыскер режимінің қоқан-лоққыларынан қорықпайтынын, сионистердің экспансиялық шараларына төзбейтінін көрсетті. Олар соңғы айларда Құдсты қолдау мақсатында сионистерге қарсы наразылықтарды күшейтіп отыр. Палестиналық орталар мұны Құдс интифазасы немесе үшінші интифазаның жаңа кезеңін бастауға жағдай жасайтын қозғалыстар деп атады.

Тегтер