Иран СІМ Бахрейннің негізсіз дау- дамайларына реакция көрсетті
Иран ислам республикасы СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрейннің Иранға қарсы қайталап отырған негізсіз дау- дамайларына реакция көрсетті.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Бахрейн ІІМ-нің мәлімдемесіне және ұсталған адамдардың Иран ислам республикасымен байланысы негізіндегі айыптауларына сілтеме жасап, оны қайталама, жалған, негізсіз және мансұқ болған көне әдіс деп атады.
Ғасеми Бахрейн үкіметінен осындай негізсіз айыптауларды қайталаудың және тәжірибеден өткен бос ұстаным қабылдаудың орнына осы шаралардың нәтижесіздігінен сабақ алып, түйткілдер мен ішкі қиыншылықтарын түбегейлі түрде шешумен айналысуды сұрап:
«Өкінішке орай, Бахрейн үкіметінің қабылдауға келмейтін жалған айыптауларды талқылаудағы мақсаты осы елдің ішкі дағдарысынан ақталып, қоғамдық пікірге жауап беруден жалтару болып табылады» деп қуаттады.
Бахрейн ІІМ тағы да негізсіз уәждерді талқылау арқылы Иран ислам республикасын осы елдің ішкі істеріне араласумен айыптады. Бахрейн ІІМ өз мәлімдемесінде «Осы елде құрықталған бірнеше лаңкеске Иран қолдау танытып келді" деген уәж айтты.