Мысырлық журналистер мен саяси белсенділер Каирде сионистік режимнің жалауын өртеді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i11131-Мысырлық_журналистер_мен_саяси_белсенділер_Каирде_сионистік_режимнің_жалауын_өртеді
Мысырдың бір топ журналистері мен саяси белсенділері Мысыр Сыртқы істер министрі Самеһ Шокридің жаулап алынған жерлерге жасаған сапарына наразылық ретінде сионистік режимнің жалауын өртеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 14, 2016 10:04 Asia/Almaty
  • Мысырлық журналистер мен саяси белсенділер Каирде сионистік режимнің жалауын өртеді

Мысырдың бір топ журналистері мен саяси белсенділері Мысыр Сыртқы істер министрі Самеһ Шокридің жаулап алынған жерлерге жасаған сапарына наразылық ретінде сионистік режимнің жалауын өртеді.

«Меһр» ақпарат агенттігінің Аlmasryoon торабына сілтеме жасап хабарлауынша, Мысырдың бір топ журналистері мен саяси белсенділері сәрсенбі күні осы елдің Сыртқы істер министрі Самеһ Шокридің жаулап алынған жерлерге сапар шегуі мен сионистік режимнің үкімет басшысы Беньямин Нетеньяхумен кездесуіне наразылық ретінде журналистер одағының алдында осы режимнің жалауын өртеді.

Мысырдың қауіпсіздік күштері мен полициясы Каирдегі журналистер одағының айналасында қатаң қауіпсіздік шараларын қолданып, наразылардың осы одақтың кеңсесіне кіруіне бөгет жасады.