Теһрандағы Мысыр мүддесін қорғау бюросының басқарушысы СІМ- не шақырылды
(last modified Thu, 14 Jul 2016 09:54:14 GMT )
Шіл 14, 2016 15:54 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Мысыр мүддесін қорғау бюросының басқарушысы СІМ- не шақырылды

Мысыр парламентінің бірнеше депутаты "Мұнафықтар" тобының Париждегі басқосуына қатысқан соң Теһрандағы Мысыр мүддесін қорғау бюросының басқарушысы Иран СІМ- не шақырылды.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ- нің Таяу Шығыс және Африка солтүстігі бірінші басқармасының төрағасы Хамид Реза Деһқани Теһрандағы Мысыр мүддесін қорғау бюросының басқарушысын шақырып, Мысырдың осы араласушылық шарасы мен «Мұнафықтар» лаңкестік тобына қолдау көрсетуіне қатысты Иран ислам республикасының наразылығын жеткізді.

Мысыр парламентінің бірнеше депутатының «Мұнафықтар» лаңкестік тобының отырысына қатысуына және олардың осы лаңкестік топпен бағыттастығына сілтеме жасаған Хамид Реза Деһқани осы әрекетті Иранның ішкі ісіне әшкере түрде араласу деп атап, оны айыптаумен қоса, Мысыр қайраткерлерінен принципті әрі жауапкершілікке ие саясат ұстану арқылы аймақта тыныштық пен тұрақтылықты сақтау бағытында қадам жасау күтіледі» деді.

Теһрандағы Мысыр мүддесін қорғау бюросының басқарушысы да Каирдің мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау негізіндегі саясатын қуаттап, Иран ислам республикасының наразылығын елінің қайраткерлеріне жеткізтіндігін айтты.

Тегтер