Иран ислам республикасының қайраткерлері Түркиядағы мемлекеттік төңкеріске реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i11221-Иран_ислам_республикасының_қайраткерлері_Түркиядағы_мемлекеттік_төңкеріске_реакция_білдірді
Иран ислам республикасының ресми қайраткерлері Түркиядағы әскери төңкеріске реакция білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2016 10:32 Asia/Almaty
  • Иран ислам республикасының қайраткерлері Түркиядағы мемлекеттік төңкеріске  реакция білдірді

Иран ислам республикасының ресми қайраткерлері Түркиядағы әскери төңкеріске реакция білдірді.

Иран телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам республикасының ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Түркиядағы оқиғаларға танытқан реакциясында: «Түркиядағы оқиғаларды алаңдаушылықпен жіті қадағалап отырмыз. Сол елдегі тұрақсыздықты халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзады деп санаймыз. Құрлық пен әуедегі барлық ортақ шекараларды толығымен бақылауға алып отырмыз» деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс туралы «Twitter» желісіндегі жаңа жазбасында: «Түркия халқының демократия мен қалаулы үкіметін ерлікпен қорғауы осы аймақта әскери төңкеріске еш орын жоқ екендігін және жеңіліске ұшырайтындығын дәлелдеп берді» деді.

Иран ислам республикасының Барлау министрі Сейіт Махмуд Алави де Түркиядағы әскери төңкеріске қатысты реакциясында Түркиядағы өзгерістерді мұқият қадағалап отырғандарын мәлімдеп: «Әскери, қауіпсіздік және барлаушы күштер қажет мөлшерде дайындық жағдайға келтіріліп, шекаралар толығымен бақылауға алынды. Біз Түркия үшін қауіпсіздік пен тұрақтылық тілейміз» деді.