Лариджани Түркияның Парламент спикеріне құттықтау жолдады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i11251-Лариджани_Түркияның_Парламент_спикеріне_құттықтау_жолдады
Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Түркия Парламентінің спикеріне жолдауда халықтың ерік-жігері мен ұлттық егемендік және демократияның жеңісімен Түркияның халқы мен басшыларын құттықтады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2016 16:29 Asia/Almaty
  • Лариджани Түркияның Парламент спикеріне құттықтау жолдады

Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Түркия Парламентінің спикеріне жолдауда халықтың ерік-жігері мен ұлттық егемендік және демократияның жеңісімен Түркияның халқы мен басшыларын құттықтады.

Али Лариджани Түркия Парламентінің спикері Исмаил Кахраманға жолдауда "Өткен сағаттарда Түркияда болған оқиғалар халықтың дауысы мен ерік-жігері және талап-тілектерінің шешуші дауысқа ие екендігін және заңсыздықпен егемендікке қол жеткізудің бүгінде мансұқ болғанын көрсетті" деді.

Түркияда сенбіге қараған түндегі әскерилердің жүзеге асыра алмаған төңкерісінде 265-тен астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.