Лариджани Түркияның Парламент спикеріне құттықтау жолдады
Шіл 16, 2016 16:29 Asia/Almaty
Иранның Исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы Түркия Парламентінің спикеріне жолдауда халықтың ерік-жігері мен ұлттық егемендік және демократияның жеңісімен Түркияның халқы мен басшыларын құттықтады.
Али Лариджани Түркия Парламентінің спикері Исмаил Кахраманға жолдауда "Өткен сағаттарда Түркияда болған оқиғалар халықтың дауысы мен ерік-жігері және талап-тілектерінің шешуші дауысқа ие екендігін және заңсыздықпен егемендікке қол жеткізудің бүгінде мансұқ болғанын көрсетті" деді.
Түркияда сенбіге қараған түндегі әскерилердің жүзеге асыра алмаған төңкерісінде 265-тен астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.