Шіл 19, 2016 21:25 Asia/Almaty
  • Жаулап алынған жерлерде қақтығыс болды

Сионистік әскерилердің шабуыл жасауы және палестиналықтармен шайқасуының салдарынан бір израильдік әскери жараланды.

Израиль басқыншы режимінің ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, сионистік режим күштерінің Наблус қаласына шабуыл жасауымен осы қалашықта қатыгез қақтығыстар орын алып, бір израильдік әскери жараланды.

Өзге бір мәлімет бойынша, сионист басқыншы әскерилер өткен түні және бүгін таңертең батыс жағалау мен Құдстың түрлі аймақтарына жаппай шабуыл жасап, 15 палестиналықты құрықтады.

Жергілікті дереккөздерінің айтуынша, құрықталғандардың қатарында 5 студент пен азат етілген 5 тұтқын бар.

Палестинадан келіп түскен өзге бір хабарға сәйкес, сионистер өз жұбайымен кездесу үшін түрмеге барған басқыншы режимнің қамауындағы бір палестиналық тұтқынның жұбайын да құрықтаған.

Басталғанына он айдан асып бара жатқан Құдс Интифазасы барысында 225- тен астам палестиналық шәһид болып, мыңдаған кісі құрықталып немесе жараланып отырған жағдайда Израиль режимінің қылмыстары жалғасуда.

Тегтер