Сауд әулеті мен Тель-Авивтің дипломатиялық байланысының жасырын қырлары әшкереленді
Сауд Арабиясы Барлау ұйымының бұрынғы офицері Анвар Ишқи өткен аптада жоғары мәртебелі делегацияны бастап, Тель- Авивке сапар шекті. Ол Израильдің кейбір саяси басшылары және Кнессет өкілдерімен дидарласып, әңгімелесті.
Израильдік «haaretz» газеті «Анвар Ишқи Тель- Авивке сапары барысында сионистік режимнің СІМ-нің бас директоры Дори Гольд және Кнессет өкілдерімен жүздесіп, әңгімелесті» деп жазды. Арабстандық университет басшылары мен инвесторлар Анвар Ишқидің жаулап алынған Палестинаға сапарында бірге болды.
Ишқи мен Дори Гольд 2015 жылы да Вашингтонда бірнеше жасырын кездесуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының алдында кездесіп, әңгімелесті. Сауд Арабиясының Израиль режимімен дипломатиялық үйлестірушісі Анвар Ишқи жуықта сионистік "Yedioth Harvnvt" газетіне берген сұхбатында «Эр- Рияд пен Тель-Авив өздерінің ортақ дұшпандарын анықтай алады» деп мәлімдеді.
Израиль мен Сауд Арабиясының байланысында қалыптасқан өзгерістер Анвар Ишқидің жаулап алынған Палестинаға қайта-қайта сапар шегіп, сионист басшылармен дидарласу арқылы Сауд әулеті мен Тель-Авивтің дипломатиялық байланыстарының жасырын қырларын әшкерелегенін көрсетеді.
Израиль мен Сауд Арабиясы байланысының күшейтілуінің аймақ және ислам әлеміндегі қазіргі жағдайға және қарсыласу өзегінің лаңкестікпен соғыстағы маңызды рөліне байланысты қарсыласу өзегіне тосқауыл қоюдан басқа мақсаты жоқ. Сионистік режим аймақтағы қиыншылықтардың негізгі себепкері әрі қарсыласу өзегінің қатал дұшпаны болып отырған жағдайда Сауд Арабиясы өзінің аймақтағы мақсаттарын ілгерілету үшін Израиль режиміне достық қолын созып отыр.
Сауд Арабиясы сионистік режим ислам үмбетінің ортақ жауы болып, оның Палестина мен Ливан халқына қарсы нәсілшілдік шаралары әрбір азаттықсүйгіш адамның жүрегін сыздатып отырған жағдайда өзінің айматағы мақсаттарына жетуді сионистік режиммен ашық ынтымақтастық жасаудан іздеп отыр.
Нағыз содыр және үкіметтік терроризмнің белгісі ретіндегі сионист жаудан құтылу үшін ислам әлемінің барлық мүмкіндіктері ислам үмбетіне қызмет етуі тиіс кезде Сауд Арабиясы Израильмен өзінің стратегиялық байланысын күшейту арқылы ислам үмбетіне зұлымдық жасап отыр.
Сауд Арабиясының ислам үмбетіне зұлымдығы мен қиянаты қасиетті кесенелердің қызметшісі әрі оның миссиясы Израильдің басқыншылығы алдында Палестинаның жәбірленген халқын қорғау болып табылатын Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының штаб-пәтері орналасқан Сауд әулетінің маңдайындағы қара дақ болып табылады.
Сауд Арабиясы мен Израиль режимінің ынтымақтастығы Ливан исламдық қарсыласуы - Хезболланы да қамтиды. Ливан Хезболласы Израильдің басқыншылығы мен Сауд әулеті және Тель-Авив қолдап отырған тәкфирлік лаңкестер алдындағы тежеуші күш болып табылады.
Сауд Арабиясы сұм үшбұрыштың бір қыры ретінде АҚШ және Израильмен бірге қарсыласу қозғалысына қарсы әрекет жасап, Ливан Хезболласын лаңкестік топ деп атау арқылы бір- бірімен ынтымақтастық жасап отыр. Осы шеңберде Бейруттегі Сауд Арабиясының елшілігі Израиль режимінің Хезболлаға қарсы тыңшылық мекеніне айналған.
Ислам елі ретіндегі Сауд Арабиясының мүмкіндіктері ислам үмбеті мен ислам әлемінің бірінші жауы мен ДАИШ лаңкестік тобы алдында исламдық шепті күшейтуге қызмет етудің орнына осы дұшпандардың иелігінде болып отыр.
Сауд Арабиясы ислам әлеміндегі екі маңызды қағиданы, яғни ортақ мүдде және ортақ жаумен тайталасуды біле тұра, Израиль режимімен стратегиялық байланысын қуаттап отыр. Сауд әулетінің осы қадамы ислам үмбетінің денесіне қанжар салу болып табылады.